Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты бір ғана аятта зікір етілген – «Хашр», 23 аят.

Әл-Муһаймин – барлық нәрсені сақтаушы және бақылаушы.

Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Әл-Муһаймин – яғни жаратылғанардың ісіне куә болушы, яғни жаратылғандарды бақылаушы». (Ибн Касир)

Имам Ибн Хажәр (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «هيمنة» сөзінің түпнегізгі мағынасы: сақтау, бақылау».

Жоғарыда айтылғандай Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты Құранның бір ғана аятында зікір етілгенімен, Құранда Хақ Тағаланың «Әл-Муһаймин» есіміне ишара ететін өзге аяттар баршылық. Мысалы:

1. «Мужәдалә», 6 аят;

2. «Юнус», 46 аят;

3. «Рағд», 33 аят;

4. «Бақара», 22 аят;

5. «Ториқ», 9 аят. 

Осы аяттар барша жаратылыс Алла Тағаланың бақылауында екеніне дәлел.

Толығырақ ...

Алла Тағаланың «Әл-Мүмин» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Мүмин» есім-сипаты бір ғана аятта зікір етілген – «Хашр», 23 аят.

Әл-Мүмин – Алла Тағала Өзін және Өз құлдарын растаушы. Сонымен қатар:

- пенделерін өзгелердің зұлымдықтарынан сақтаушы («Һуд», 123 аят);

- шыншыл пенделерінің жалғаншы еместігіне күәлік етуші («Әли Имран», 18 аят);

- Өзінің уәдесі рас екенін растаушы;

- Қияметте мүмин пенделерінің сөзі мен амалын растаушы («Тәуба», 61 аят);

- Өз әулиелерін (достарын) азаптан аман сақтап қалушы («Қурайш», 4 аят).

Осы айтылғанның бәрі саләфтрдың сөзінен алынған. Мәселен, Қатада (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Алла Тағала өз сөзімен Өзі «хақ» екенін растаған».

Зәйд (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Алла Тағала өзінің мүмин пенделері иманды екенін растаған».

Имам Құртуби (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Әл-Мүмин – пайғамбарларын мұғжизалары арқылы растаушы, мүминдерге уәде еткен сауабы рас екенін растаушы, кәпірлерге уәде еткен азабы шын екенін растаушы». 

Мужәһид (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Хақ Тағала: «Алла Тағала Өзінен басқа тәңір жоқ екеніне күәлік етеді»,-деумен Өзінің жалғыз екенін растаушы». («Әли Имран», 18 аят)

Толығырақ ...

Алла Тағаланың «Әл-Қуддус» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Қуддус» есім-сипаты екі аятта зікір етілген – «Жұмға», 1 аят, «Хашр», 23 аят.

Әл-Қуддус – барша айып-нұқсаннан пәк.

Жаратылған табиғатына кемшілігі мен артықшылығы, перзенті, серігі мен теңі болу тән. Ал Хақ Тағала мұның бәрінен пәк. Сондықтан жаратылғанда артықшылық болып есептелеген ерекшелік Алла Тағалаға жат болады. Мәселен, ұйықтау – жаратылғанға тән әрі қажетті сипат. Өйткені, уақытылы қажет мөлшерде ұйықтамаса адам аурады. Ал Жаратушы Иенің ұйықтауы, керісінше, нұқсан. Осы себептен Алла Тағалаға ұйықтау сипаты жат.

Шариғатта Хақ Тағаланы кемшіліктен пәктеуді «تقديس» (тақдис) деп айтылса, оның негізгі екі жолы бар:

1. Алла Тағаланы ұлықтығына жат нәрседен пәктеу. Мысалы, ұйықтау, шаршау, бір нәрсеге мұқтаж болу т.с.с.

2. Хақ Тағаланы теңі, серігі болудан пәктеу. Мәселен, перзент, дос, ортақ тәңір т.с.с.

Толығырақ ...

Алла Тағаланың «Әл-Малик» есім-сипаты

Әл-Малик – патшалық Иесі. Өз қалауын жүзеге асырушы.

Араб тілінде «патша» ұғымын екі сөз білдіреді – «مالك» (малик – «мим» әріпнен кейін «әлифі» бар) және «ملك» (малик – «мим» әріпнен кейін «әлифі» жоқ). Осы «патша» ұғымындағы екеуінің «ملك» (малик – «мим» әріпнен кейін «әлифі» жоқ) сөзінің ұғымы «مالك» (малик – «мим» әріпнен кейін «әлифі» бар) ұғымынан гөрі ауқымдырақ. Дәлірек айтар болсақ Хақ Тағала – «ملك» (малик), яғни «مالك المالكين كِلّهم» (барлық патшалардың патшасы), себебі біріншіден: дүниедегі патшаның әрбірі өз қалауын өзі қалағанындай жүзеге асыра алмайды, ал Алла Тағала өз қалауын өзі қалағанындай жүзеге асырады. Екіншіден: дүние патшалары өз қалауын жүзеге асыру үшін патшалардың патшасы болған Хақ Тағаланың қалауына мұқтаж, ал Алла Тағала өз қалауын жүзеге асыру үшін ешкімге және еш нәрсеге  мұқтаж емес. 

Алла Тағаланың «Әл-Малик» сипаты көптеген аятта зікір етілген. Мәселен, «Таһа», 114 аят, «Мүминун», 116 аят. «Жумға», 1 аят.

Толығырақ ...

Адасып жүрген салафиттердің белгілері

Қазіргі кезде ата дініміз өркен жайып келе жатқанда жар астынан сығылап, қой терісін жамылып, діннің атын иеленіп, көптеген азаматтарымызды адастырып жүрген пенделер бар. Оларды "сәләф", "сәләфиттер", "уахабтар", "уахабистер" деп атайды. Не болмаса сыртқы келбеттеріне қарап: "Сақалдылар", "Келте балақтар" деп те айтып жатады.

Осы уақытқа дейін олардың түсін түстеп, атын атап беретін бірде-бір мақала шықпапты. Мүмкін олардың санының көбеюі содан болар. Ал, енді көпшілік халық намаз оқитындардың бәріне күмәнмен қарайды. Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқитындарды да ол тізімге жатқызу дұрыс болмас.

Сондықтан, қазір сәләфиттердің сыртқы белгілері мен сөздеріндегі белгілерін тізіп айтқым келіп отыр. Осы белгілері арқылы оларды тани аласыз. Қарапайым намазхан мен сәләфиттерді ажырататын боласыз.

Сыртқы белгілері

1. Балақтары қысқа болады. Қысы-жазы балақтарын қысқартып алып жүреді. Балағынан бірден тани аласыз.

2. Сақалдары болады. Тіпті, сақалдары ұзын, қалың болады. Негізінде сақал қою - сүннет. Бірақ, сондай дінбұзарлардың кесірінен сақалдыға үрке қарайтын жұрт көбейді. Олар міндетті түрде сақал қояды. Сақалы жоқ намазхандарды жақтырмайды, амандаспайды да. Бірақ, сақал қойғанның бәрін адасқан дей алмаймыз. Ондай кезде балағына да қараңыз. Басқа да белгілеріне қараңыз.

3. Намазда талтайып тұрады. Ханафи мәзһабы бойынша намазда аяқтың арасы төрт еліден жақын болмауы керек. Иық деңгейінен аспауы керек. Ал, сәләфиттер талтайып тұрады. Аяқтарының арасын қатты ашпайтындары да болады.

4. Бет сипамайды. Олар дұға жасаған кезде бет сипамайды. Қолын жайғанымен, дұға жасап, бетін сипамай, қоя салатындары да бар.

5. Парыз намаздан соң бірден тасбих тартады. Ханафи мәзһабында парыздан соң сүннет намаз болса, соны оқып болғаннан кейін тасбих тартады. Ал, сәләфиттер сүннет болса да, парыздан соң бірден тасбих тартып, одан кейін сүннет намазын оқиды. Не болмаса парыздан соң тасбих тартып, бірден тұрып кетеді. Сүннет намазын үйіне барып оқиды.

Сөздеріндегі белгілері

Сәләфиттер сөздерінің арасында "бауыр" деген сөздің орнына "ахи" деген сөзді көп қолданады. Немесе "брат" деген сөзді қолданады. Көп сөздің арабша нұсқасын қолданғанды ұнатады. Мысалға, "ауызашар" дегенді "ифтар" деп көбірек айтады. "Джазакаллаху хайран" деген сөзді көп қолданады.

Алланы Аспанда дейді. Мәзһаб ұстанбайтынын айтады. Қазіргі кейбіреулері ханафитпіз дейтін болған.

Жалпы негізгі белгілері осылар. Қарапайым халық осы белгілері арқылы ажыратып, сақтанып жүрсе дейміз. Намаз оқуды үйреніп жүргендер болса, мешітке барып үйренсе, сұрақтары болса, тек мешіт имамдарынан ғана сұраса деген өтінішіміз бар. 

Бөгенбай ЗИЯЛЫ

Толығырақ ...

Алла Тағаланың «Ар-Рохим» есім-сипаты

Ар-Рохман – дүние және Ақыретте тек мүминдерге рақымдылық Етуші. Алла Тағаланың дүниедегі мүминдерге деген рахметі оларды тура жолға салумен және сауапты амалды істеуді нәсіп етумен болса, Ақыретте күнәларын кешіріп жәннатқа кіргізумен болады.

Хақ Тағаланың Ар-Рохим есім-сипаты Құранда 115 рет айтылып, соның алтысында Алла Тағаланың «Ар-Рохман» сипатымен бірге зікір етілген. Сонымен қатар Құранда Ар-Рохман сипаты көбінесе Алла Тағаланың Ат-Таууаб, Әл-Ғафур, Ар-Рауф, Әл-Уадуд, Әл-Ғазиз есім-сипатымен бірге айтылады. Ғалымдардың айтуынша осы жағдай Жаратушы Иенің Ар-Рохим сипаты тек мүминдерге тиесілі екеніне дәлел.

 

Хақ Тағаланың Ар-Рохман және Ар-Рохим есім-сипаттары «рақымдылық» ұғымына ишара. Ар-Рохман мен Ар-Рохимнің бір-бірінен ерекшелігі: Ар-Рохман есім-сипаты «барлық жаратылысты Өз рақымына бөлеуші, рақымдылардың Рақымдысы (أرحم الراحمين)» деген мағынаны білдіреді. Ал Ар-Рохим есім-сипаты тек мүминдерге тиесілі. Яғни, «һиядат, қабыл болған ізгі амал, Ақыреттегі саупты тек мүминдерге нәсіп Етуші» дегенді білдіреді.

Толығырақ ...