Алла Тағаланың «Әл-Мүмин» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Мүмин» есім-сипаты бір ғана аятта зікір етілген – «Хашр», 23 аят.
Әл-Мүмин – Алла Тағала Өзін және Өз құлдарын растаушы. Сонымен қатар:
- пенделерін өзгелердің зұлымдықтарынан сақтаушы («Һуд», 123 аят);
- шыншыл пенделерінің жалғаншы еместігіне күәлік етуші («Әли Имран», 18 аят);
- Өзінің уәдесі рас екенін растаушы;
- Қияметте мүмин пенделерінің сөзі мен амалын растаушы («Тәуба», 61 аят);
- Өз әулиелерін (достарын) азаптан аман сақтап қалушы («Қурайш», 4 аят).
Осы айтылғанның бәрі саләфтрдың сөзінен алынған. Мәселен, Қатада (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Алла Тағала өз сөзімен Өзі «хақ» екенін растаған».
Зәйд (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Алла Тағала өзінің мүмин пенделері иманды екенін растаған».
Имам Құртуби (рохматуллаһи ғаләйһи) айтады: «Әл-Мүмин – пайғамбарларын мұғжизалары арқылы растаушы, мүминдерге уәде еткен сауабы рас екенін растаушы, кәпірлерге уәде еткен азабы шын екенін растаушы».
Мужәһид (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Хақ Тағала: «Алла Тағала Өзінен басқа тәңір жоқ екеніне күәлік етеді»,-деумен Өзінің жалғыз екенін растаушы». («Әли Имран», 18 аят)