Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты бір ғана аятта зікір етілген – «Хашр», 23 аят.
Әл-Муһаймин – барлық нәрсені сақтаушы және бақылаушы.
Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Әл-Муһаймин – яғни жаратылғанардың ісіне куә болушы, яғни жаратылғандарды бақылаушы». (Ибн Касир)
Имам Ибн Хажәр (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «هيمنة» сөзінің түпнегізгі мағынасы: сақтау, бақылау».
Жоғарыда айтылғандай Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты Құранның бір ғана аятында зікір етілгенімен, Құранда Хақ Тағаланың «Әл-Муһаймин» есіміне ишара ететін өзге аяттар баршылық. Мысалы:
1. «Мужәдалә», 6 аят;
2. «Юнус», 46 аят;
3. «Рағд», 33 аят;
4. «Бақара», 22 аят;
5. «Ториқ», 9 аят.
Осы аяттар барша жаратылыс Алла Тағаланың бақылауында екеніне дәлел.