Алла Тағаланың «Әл-Ғазиз» есім-сипаты

Алла Тағаланың «Әл-Ғазиз» есім-сипаты

Құранда Алла Тағаланың «Әл-Муһаймин» есім-сипаты бір ғана аятта зікір етілген – «Хашр», 23 аят.

Әл-Ғазиз – ең үстем әрі ең шарапатты.

«Ғазиз» сөзінің өзі «күшті, жеңімпаз, жеңілмейтін» дегенді білдіреді.

Әз-Зужәж Алла Тағаланың «Әл-Ғазиз» есіміне: «Асқақ, жеңімпаз»,-деп түсініктеме берсе, Ибн Әл-Әсир: «Жеңімпаз, күшті, жеңілмейтін»,-деп түсініктеме берген.

Әз-Зубайди айтады: «Әл-Ғазиз» есімі «عِزٌّ» (ғиззун) түбірінен туындаған. Ол:күш, қауһар, жеңіс. Қоластындағыларға үстемділік ету себебінен патшалар «ғазиз» деп аталатын болған».

Ғалымдардың айтуынша Құранда Алла Тағаланың «Әл-Ғазиз» есімі 92 рет зікір етілген. Сонымен қатар Құранда «Әл-Ғазиз» есімі мына есім-сипаттармен қатар айтылады:

1. Әл-Хаким («Бақара», 26 аят);

2. Әл-Ғалим («Әнғам», 96 аят);

3. Әл-Ғафур («Фатыр», 28 аят);

4. Әл-Мунтақим сипатымен («Әли Имран», 4 аят);

5. Әл-Ғаффар («Сод», 66 аят);

6. Әл-Хамид («Бурүж», 8 аят).

Әрине, Хақ Тағаланың «Әл-Ғазиз» есімі Құранда келі реті мен санында өзіне тән сыры бар әрі сол сырдың мәні уақыт өте Алла Тағаланың қалауына сай адамзат үшін ашыла бермек.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға