Алла Тағаланың «Ар-Рохман» есім-сипаты

Ар-Рохман – дүниедегі жаратылғанның барша жаратылғанға рақымдылық Етуші. Осы себептен «Ар-Рохман» есім-сипаты тек Алла Тағаланың Өзіне ғана тән сипат. Сондықтан дүниеде еш нәрсе «Ар-Рохман», яғни «барша нәрсені рахметіне бөлеуші» деп аталмайды.

Мүминнің Алла Тағаланың «Ар-Рохман» сипаты мәселесіндегі иғтиқады (нанымы): дүниедегі рақымдылық – Хақ Тағала рақымының бір ғана бөлігі. Соның себебінен жаратылғанның бәрі бір біріне рақымдылық етеді. Сонымен қатар Алла Тағаланың рақымы өзіне барша жаратылғанды, соның ішінде адамзат пен жындарды қамтиды. Бұл мәселеге қатысты Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

جَعَلَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ الرَّحْمَةَ مِائَةَ جُزْءٍ فَأَمْسَكَ عِنْدَهُ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ وَأَنْزَلَ فِي الأَرْضِ جُزْءاً وَاحِداً فَمِنْ ذَلِكَ الْجُزْءِ يَتَرَاحَمُ الْخَلْقُ حَتَّى تَرْفَعَ الْفَرَسُ حَافِرَهَا عَنْ وَلَدِهَا خَشْيَةً أَنْ تُصِيبَهُ

«Алла Тағала рақымдылықты жүз бөлiк етiп жаратып, оның бiр ғана бөлiгiн жер бетiне түсiрiп, қалған тоқсан тоғыз бөлiгiн түсiрмедi. Жер бетiне түсiрiлген рақымдылықтың сол бiр ғана бөлiгi себебiнен бүкiл жаратылыс бiрi-бiрiне мейiрiмдiлiк етедi. Тiптi биенiң өзi құлынына зиян етуiнен қорқып тұяғын абайлап басады». (Бухари)

Толығырақ ...

Алла Тағаланың 99 көркем есім-сипаты

Жаратушы Ие «Хашр» сүресінің 24-ші аятында:

هُوَ اللهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الأَسْمَاء الْحُسْنَى

«Ол – Жаратушы, жоқтан бар Етушi, суреттеп Бейнелеушi, Оның барлық есiмi көркем»,-десе, «Ағраф» сүресінің 180-ші аятында:

وَللهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا

«Алла Тағаланың есімдері көркем. Сол есімдері арқылы Оған мінажәт етіңдер»,-деген.

Сонымен қатар Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

إِنَّ للهِ تِسْعَةً وتِسْعِينَ اسْماً مِائَةً غَيْرَ وَاحِدَةٍ مَنْ أَحْصَاها دَخَلَ الْجَنَّةَ

Толығырақ ...