Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

60-мәселе: мүмин ешқашан Алла Тағаланың рахметінен үміт үзбейді

60-мәселе: мүмин ешқашан Алла Тағаланың рахметінен үміт үзбейді

Мүмин үнемі Хақ Тағаланың рахетінен үміткер. Алла Тағаланың рахметінен күдер үзу – кәпірлерге тән сипат. Сондықтан да кәпір Жаратушы Иенің рахметінен мақұрым жан.

Әрине, Алла Тағаланың Қаһһар (Қаһарлы), Шидидүл-ғиқаб (қатты Жазалаушы) деген сипаттары бар. Алайда, сонымен қатар Алла Тағаланың Ғафур (Кешірімді), Рахим (Мейірімді) деген де сипаттары бар екенін ұмытпаған жөн. Осы себептен пенде қандай бір күнә істемесін, шын тәубесіне келіп, кешірім тілесе, Алла Тағала оны кешірері сөзсіз.

Дегенмен, «тәубеңе келсең Алла Тағала кешіреді екен» деп те бейғам халде күнәға бара беругеде болмайды.

Әрине, Алла Тағала – Кешірімді. Әрі Оның кешірімі шексіз. Бірақ дүниеде рахметі шексіз Алла Тағала кешірмейтін де күнә бар. Ол – ширк, яғни Алла Тағалаға серік қосу.

 

Алла Тағаланың рахметі мен кешіріміне қатысты мәселе – Ол Өзі қалаған пендесінің Өзі қалаған күнәсін кешіреді. Яғни, қаласа, пендесін бір күнәсі үшін жазалауы да мүмкін. Осы жағдай мүмин пендені бейғамдықтан сақтайды. Сонымен қатар Алла Тағаланың рахметі шексіз екенін білгеннен соң Оның кешірімінен күдер үзбейді. Осы негізінде әһлүс-сунна уәл-жамағаның иғтиқады (сенім-нанымы) бойында үлкен-кіші күнә істеген мұсылман діннен шықпайды. Яғни, кәпір олмайды. Дегенмен, күнәһар болады. Ал, күнәсін кешіру-кешірмеу – жалғыз Алла Тағаланың үлесінде. Демек, біздер, мұсылмандар христиан және саләфиттер тәрізді күнә істеген адамды діннен шығармаймыз. Себебі, мүмин пендені бір күнәсі үшін «кәпір» деген адамның өзі діннен шығып кетуі ықтимал. Сонымен қатар ауыр күнә істеген мұсылманға «сен – мәңгі тозақысың» деген адамның өзі кәпір болып кету қауіпі бар. Өйткені, мұндай сенім тура жолдан адасқан харижи мен муғтазилдерге тән.

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014