53-мәселе: хауз және шұқырдағы су мәселесі

Шариғатымызда хауз және шұқырдағы суды қолдану жолдары қарастырылған. Мәселен, бір орынға су жиналды делік. Онымен дәрет алуға болма әлде болмай ма? Осыны қалай білеміз? Суды бір тарапынан шайқаймыз. Мәселен, алақанымызды салып. Сонда толқын судың екінші тарапына жетпесе, демек ол сумен дәрет алуға болады. Ал, егер толқын судың екінші тарапына жететін болса, ондай су дәрет алғанға жарамайды.

Негізінде шариғатта дәретке жарайтын су бетінің көлемі «ғашара фи ғашараға» тең келуі тиіс.

Бір ғашара – бір зирағ. Бір зирағ – шамамен 70 см.

Беті осы көлемде болған су дәретке де, ішуге де жарамды болып есептеледі.

Толығырақ ...

51-мәселе: имам және жамағаттың намазы

Имамның намазы бұзылған жағдайда оған ұйыған жамағаттың да намазы бұзылады. Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

من أمَّ قوماً، ثم ظهر أنه كان مُحْدِثاً، أو جنباً أعاد صلاته، وأعادوا

«Біреу жамағатқа имам болып тұрып, кейін оның дәретсіздігі немесе жүнуб екені анықталса, оның және жамағаттың намазы қайта оқылады».

Осы хадистің негізінде ғалымдар намаздың дұрыстығын имамның дәреті дұрыс болумен байланыстырған. Бұған қатысты «Һидаяда»:

مناقتدىبإمامثمعلمأنإمامهمحدثأعاد

Толығырақ ...

51-мәселе: үтір-уәжіп намазы үш рәкәғат

Имам Тирмизи және имам Әбу Дауд Харижә ибн Хузафадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

"إِنَّ الله أَمَدَّكُمْ بصَلاةٍ هِيَ خَيرٌ لَكُمْ مِنْ حُمْرِ النِّعَمِ، الوِتْرِ جَعَلَهُ الله لَكُمْ فِيمَا بَينَ صَلاةِ العِشَاءِ إِلى أَنْ يَطْلُعَ الفَجر

«Алла Тағала сендерге бiр намазбен көмек бердi. Ол намаз сендер үшiн ақ түйеден де артық. Ол – Алла Тағала сендерге құптан мен бамдат намаздарының арасында оқуға бұйырған үтiр уәжiп намазы».

Сонымен қатар имам Әбу Дауд Бурайдадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үш қайтара:

الْوِتْرُ حَقّ فَمنْ لَمْ يُوتِرْ فَلَيْسَ مِنّا، الْوِتْرُ حَقّ فَمنْ لَمْ يُوتِرْ فَلَيْسَ مِنّا، الْوِتْرُ حَقّ فَمنْ لَمْ يُوتِرْ فَلَيْسَ مِنّا

Толығырақ ...

50-мәселе: өлгеннен кейін қайта тірілу

Хақ Тағала «Таһа» сүресінің 55-ші аятында:

مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَى

«Біз сендерді жерден жаратып, кейін сонда қайтарамыз әрі Қиямет күні сендерді қайта жерден шығрамыз»,-деген.

Осы аяттың өзі өлгеннен кейін қайта тірілу хақ екеніне дәлел.

Қияметте қайта тірілуді түбегейлі жалғанға шығарған Мекке мушриктерінің көсемдерінің бірі Убай ибн Халәф болатын. Бір ол шіріген сүйекті қолына алып, оны саусақтарымен ұнтайқтап, кейін сүйек ұнтағына қарап: «Осыны Алла қайта тірілте ала ма?»,-деп таңданады. Сонда Алла Тағала оның бұл ісіне жауап ретінде «Ясин» сүресінің 77-79 аяттарын түсіреді:

أَوَلَمْ يَرَ الْإِنْسَانُ أَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ نُطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُبِينٌ (77) وَضَرَبَ لَنَا مَثَلًا وَنَسِيَ خَلْقَهُ قَالَ مَنْ يُحْيِي الْعِظَامَ وَهِيَ رَمِيمٌ (78) قُلْ يُحْيِيهَا الَّذِي أَنْشَأَهَا أَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَلِيمٌ

Толығырақ ...

49-мәселе: жақсы және жаман пенденің иманы бір

Періштелер мен пайғамбарлардың иманы бір болғандай, жақсы және жаман пенделердің иманы бір. Сондықтан да «жаман адамның иманында нұқсан бар» деген адам қателеседі. Тіпті періштелер мен мүимндер имандарының арасында айырмашылық жоқ. Өйткені, періштелер иман келтірген Алла Тағалаға мүминдер де иман келтіреді. Егер періштелер иман келтірген нәрсеге мүмин де иман келтірмеген болса, онда оның иманы дұрыс болмайды.

Періштелердің мүминдерден айырмашылығы – амалдарында. Бұл мәселеге Хақ Тағала «Тахрим» сүресінің 6-шы аятында былай деген:

لايَعْصُونَاللَّهَمَاأَمَرَهُمْوَيَفْعَلُونَمَايُؤْمَرُونَ

«Періштелер Алла Тағаланың бұйырғанына итағатсыздық етпейді. Тек не нәрсе бұйырылған болса, соны істейді».

 

Яғни, періштелер Хақ Тағалаға қарсы келмейді әрі Оның бар бұйрығын бұлжытпай орындайды. Олардың мүминдерден айырмашылығы осы. Алайда, жоғарыда айтылғандай, олардың имандары мүминдердің иманынан өзгеше емес. Расында да, мүмин айтқан кәлиманы періштелер де айтса, олардың иманында не айырмашылық бола ма?! Әлбетте, жоқ! Сондықтан да Алла Тағаланың жалғыздығына, Мухаммадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына және Құран Хақ Тағаланың сөзі екеніне иман келтірген пенде мүмин. Тіпті, бір күнә істеген болса да. Осыдан басқа ойда болған адам қателескен болады.

Толығырақ ...

48-мәселе: иман амалдан бөлек

Алла Тағала «Бурүж» сүресінің 11-ші аятында айтады:

إِنَّالَّذِينَآمَنُواوَعَمِلُواالصَّالِحَاتِلَهُمْجَنَّاتٌتَجْرِيمِنتَحْتِهَاالْأَنْهَارُذَلِكَالْفَوْزُالْكَبِير

«Иман келтірген және ізгі амал істегендер үшін астынан өзендер ағатын жәннаттар бар. Міне, сол үлкен жетістік».

Араб тіліндегі нұсқасында «иман келтіген» және «ізгі амал істегенер» сөз тіркестері «و», яғни «және» сөзімен байланыстырылған. Осының өзі иман амалдан бөлек екенін көрсетеді.

Осы айтылғанға тағы дәлел: имансыз адам да ізгі амал істеуі мүмкін. Алайда, имансыз болуы себебінен оның ешбір ізгі ісі есепке алынбайды.

Күпірлік – күнә, алайда күнә күпірлік емес. Яғни, әрбір күнәнің себебінен пенделер діннен шығып, артынша тәубе етіп қайта дінге кіріп жатпайды. Мәселен, таңғы намазына ұйықтап қалды делік. Құран мен хадисте таң намазына ұйықтап қалған пенде кәпір болды делінбеген.

Толығырақ ...