59-мәселе: әрбір мүмин соңғы сәтінің қамын жеу керек

Алла Тағала «Анфәл» сүресінің 24-ші аятында былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اسْتَجِيبُواْ لِلّهِ وَلِلرَّسُولِ إِذَا دَعَاكُم لِمَا يُحْيِيكُمْ وَاعْلَمُواْ أَنَّ اللّهَ يَحُولُ بَيْنَ الْمَرْءِ وَقَلْبِهِ وَأَنَّهُ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

«Уа, мүміндер! Сендерге мәңгі тіршілікті нәсіп ететін дінге шақырған кезде Алла Тағала мен Оның елшісінің үндеуіне жауап беріңдер. Алла Тағала пенде мен оның жүрегінің арасын иеленіп тұрады. Расында, Алла Тағаланың алдына жиналасыңдар».

Алла Тағала пенде мен оның жүрегінің арасын иеленіп тұрады – яғни Хақ Тағала пенденің бар ниет-пейілін біліп турады.

Бұл аятта Алла Тағала Исламды қабыл етуге және Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннетіне ерісуге шақыруда.

Толығырақ ...

58-мәселе: Алла Тағаланы жақсы көрген адам құлшылық етуі тиіс

Рафиди, шиға т.с.с. ағымдардың нанымы бойынша Алла Тағаланы жақсы көрген пенде құлшылық етпесе де болады-мыс. Олардың айтатыны: «Жүрегінде Алла Тағалаға деген қатты сүйіспеншілік болса, ондай адам құлшылық етпеседе болады. ондай адамға күнәнің де еш қандай зияны жоқ. Өйткені, күн шықса – жұлдыздар ғайып болады».

Әһлүс-сунна уәл-жамаға сенімінде болған ешбір пенде мұндай сөзге ермеу керек.

Хақ Тағала  «Әхзаб» сүресінің 21-ші аятында:

لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا

Толығырақ ...

57-мәселе: лағнеті Ібіліс кезінде мүмин болатын

Имам Бухари (рохматуллаһи ғаләйһи) және Имам Муслим (рохматуллаһи ғаләйһи) Абдуллаһ ибн Масғудтан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте раслуллаһ былай деген:

إنَّ أحَدَكُمْ يُجْمَعُ خَلْقُهُ في بَطْنِ أُمِّهِ أَرْبَعِينَ يَوْمَاً نُطْفَةً، ثُمَّ يَكُونُ عَلَقَةً مِثْلَ ذلكَ، ثُمَّ يَكُونُ مُضْغَةً مِثْلَ ذلكَ، ثُمَّ يُرْسَلُ المَلَكُ فَيَنْفُخُ فِيهِ الرُّوحَ، وَيُؤْمَرُ بأرْبَعِ كَلِماتٍ: بِكَتْب رِزْقِهِ وَأجَلِهِ وَعَمَلِهِ وَشَقِيٍّ أَوْ سَعِيدٍ

«Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни, 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді: ризығын, қанша өмір сүретінін, шстейтін амалын және бақытты не бақытсыз болатынын».

Толығырақ ...

56-мәселе: дәретті бұзатын нәрселер

Шариғат бойынша денеден шыққан нәжіс және жел дәретті бұзады. Мәселен, Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) Әли ибн Талқадан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

إذَا فَسَا أَحَدُكُمْ فَلْيَتَوَضّأْ

«Бірің жел шығарған болса, дәрет алсын»,-деген.

Сонымен қатар Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) және имам Әбу Дауд (рохматуллаһи ғаләйһи) Абдуллаһ ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

الْوُضُوءَ لاَ يَجِبُ إلاّ عَلَى مَنْ نَامَ مُضْطَجِعاً، فَإِنّهُ إذَا اضْطَجَعَ اسْتَرْخَتْ مَفَاصِلُهُ

«Дәрет алу тек жатып ұйықтағанға міндетті болады. Өйткені, жатып ұйықтаған кезде оның буындары босайды».

Толығырақ ...

55-мәселе: иман көбеймейді әрі азаймайды

Хақ Тағала «Фатх» сүресінің 4-ші аятында былай деген:

هُوَ الَّذِي أَنزَلَ السَّكِينَةَ فِي قُلُوبِ الْمُؤْمِنِينَ لِيَزْدَادُوا إِيمَانًا مَّعَ إِيمَانِهِمْ وَلِلَّهِ جُنُودُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ

«Ол сондай Алла Тағала, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі әскерлер – Алла Тағаланікі».

Бұл аяттағы «иманын арттыра түсу үшін» сөзін муфассирлер «яқин», яғни «шүбәсіз нық иман» деп тафсирлеген.

Айта кету керек, иманның көбеюі Исламның бастапқы дәуіріне, яғни сахабалардың дәуіріне тән. Ол кезде Құран аяттары бірте-бірте түсетін әрі соған қарай сахабалардың да имандары ұлғая түсетін. Ал, пайғамбарлық дәуірі бітісімен Құранның түсірілуі де тәмамдалды. Құран кәміл түсіп бітті. Демек, мүминдерден шүбәсіз нық иманнан өзге иман талап етілмейді.

Толығырақ ...

54-мәселе: әркім ажалы жеткенде өледі

Ешбір адам кенеттен көз жұмбайды. Сондықтан да: «Өлмесе тағы пәленше жыл өмір сүрер еді»,-деген сөз дұрыс емес. Себебі, өлім ажалдан бұрын келмейді. Осы жерде «ажал» сөзіне түсініктеме беріп кетсек. Ажал – уақыттың тәмамдалуы.

Бұл мәселеге қатысты алла тағал «Мунафиқун» сүресінің 11-ші аятында былай деген:

وَلَنْ يُؤَخِّرَ اللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَاء أَجَلُهَا

«Қашан біреудің ажалы келсе, Алла Тағала оны әсте кешіктірмейді».

Демек, әрбір жан иесі ажалы келкеннен сәтте, яғни ризық-несібесі біткеннен соң жан тапсырады.

Толығырақ ...