Уммет 73 топқа бөліну мәселесі

Имам Ахмад риуат еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Менің үмметім 73 топқа бөлініп кетеді. Солардың жалғыз топтан өзгенің бәрі тозақы болады»-деді. Сонда сахабалар (родиял-лаһу ъанһум): «Уа Расулуллаһ! Ол қандай топ?»-деп сұрады.
- Олар – менің сахабаларымның (родиял-лаһу ъанһум) жолын ұстанғандар.
Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сөзі рас болып шықты. Уақыт өте мұсылмандар түрлі топ-ағымдарға бөлініп шыға келді.

Толығырақ ...

Каләм (ақида) ілімінің маңыздылығы

Каләм ілімінің мақсаты: мұсылмандарды түрлі қате сенімнен сақтау арқылы олардың бірлігі мен ынтымағын жарастыру.

«Каләм» сөзінің тілдік мағынасы: сөз, баян, ләһжә. Мәселен, «Каләмул-лаһ» дегенде біз Аллаһ Тағаланың сөзін, яғни Құранды түсінеміз.
Терминдік ұғымына келер болсақ, ол: Құран және хадистен болған нақли (нақты) және ақли (логика) дәлелдер негізінде ислами ақиқат нанымды көрсететін әрі күмәнды жоятын рән, ғылым.

Толығырақ ...

Каләм (ақида) ілімі пайда болуы

Дінді бұрмалаушы түрлі ағымдар пайда болуымен оларға тойтарыс беретін шоқпарды қажеттілігі туындады. Осы жағдай калям ілімі фиқһ ілімінен ажырап, тафсир және хадис ілімдері тәрізді бөлек салаға айналды.

Толығырақ ...

Түрлі ағымдардың пайда болуы

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) дүние салғаннан соң жүз жыл өтпестен-ақ мұсылмандардың арасында карамийа, қадария, жәбрия, харижия, муғтазилә тәрізді түрлі ағымдар пайда бола бастады. Бұл ағымның әрбіріне ақида мәселесінде тек өзіне тән ерекше көзқарас тән болды. Осыдан ақида мәселесіндегі бұрмалаушылық пайда болғанын байқаса болады.

Толығырақ ...

Нәбиден (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) кейінгі ахуал

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) замандасы болу бағына ие болған сахабалар (родиял-лаһу ъанһум) иләһи заң болған Қасиетті Құран Кәримде айтылғанға амал етіп, екі дүниенің де бағына қол жеткізіп, Хақ Тағаланың разылығына лайық бола білді.

Толығырақ ...

Ақида ілімі

Аллаһ Тағалаға сансыз мақтау, Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм), Оның отбасы мен сахабаларына Хақ Тағаланың сәлемі мен салауаттары болсын.

Сөздердің ең расы – Аллаһ Тағаланың сөзі. Жолдың ең жақсысы – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жолы.

Толығырақ ...