Қыбланың өзгеруі

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін, мұсылмандар 18 ай бойы (бір риуаяттарда 16-17 ай делінген) Байтул-Мақдис, яғни Иерусалимдегі Ақса мешітіне қарап намаз оқыды.

Негізі, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бен сахабалар, жан-тәнімен Ибраһим және Исмаил бабаларының қыбласы болған Қағбаға қарап намаз оқуды қалайтын. Бірақ Алла Тағаланың әмірі солай еді. Яғни, о баста Хақ Тағала мұсылмандарға бес уақыт намазды Иерусалимдегі Ақса мешітіне қарап оқуды бұйырған болатын. Иманында нұқсан болмаған сахабалар: «Жаратушы Иенің әмірін естідік, оған бойсұндық»,-деп, Байтул-Мақдисті қыбла етті.

Бұл да Алла Тағаланың сынағы еді. Осылайша Хақ Тағала, бір жағынан сахабалардың сабырын сынаса, екінші жағынан өзінің әміріне бойсұну ісінде шыңдады.

Мәдинада Ақса мешітіне қарап намаз оқығанда, Қағба мұсылмандардың арқа жағында болатын. намазды Қағбаға қарап оқуды аңсаған Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм), намазда тұрып, қыбланың өзгеруінен үміттеніп көкке жиі назар салатын. Бұл жайында «Бақара» сүресінің 144-ші аятында айтылған. Нәтижеде, һижри екінші жылдың ражәб айында, аср намазы барысында Алла Тағала қыбланы Меккедегі Қағбаға өзгертуды бұйырды. Сол кезден бастап мұсылмандар намаздарын Қағбаға қарап оқи бастады.

Қыбланың өзгеру жылы мен айы мәселесінде, ғалымдардың басым көпшілігі һижри екінші жылдың ражәб айын айтқан. Намаз мәселесінде де ғалымдардың басым көпшілігі аср намазын атап көрсеткен. Бірақ ғалымдардың арасында қыбланың нақты ауысқан күні мәселесінде түрлі пікір бар.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заманында Бәни Сәлим мешіті деп аталған мешіт, қыбла ауысқаннан кейін «Мәсжидүл-Қибләтайн» (екі қыбла мешіті) деп аталып кеткен. Бұл мешіт Мадинаның солтүстік-батыс тарапында орналасқан.

Толығырақ ...

Мәдинада мұнафықтардың пайда болуы

Мәдинада дін орныға бастап, яһудидің біршама монахтары мен ғұламалары Исламды қабылдап, осы жағдай яһудилердің қызғаныштарын тудырды. Өйткені мұсылман болған яһудилердің арасында Абдулла ибн Саләм сияқты беделді тұлғалар болды. Сол кезде Ясриб деп аталған Мәдинаның тұрғындары топ-тобымен дінді қабылдады. Осыны көреалмағандардың қатарында яһуди көсемдерінің бірі Абдулла ибн Әбай ибн Салүл болды.

Мәдинада дінді бәрі ықыласпен қабылдады деп айтуға келмейді. Өйткені олардың арасында Исламды көзбояушылықпен, мұсылмандарға қастық ету мақсатында қабылдағандар болды.

Толығырақ ...

Әуелгі азан

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинада тұрақтағаннан соң мұсылмандар парыз намазын жамағатпен оқи бастады. Бастапқыда мұсылмандар намазға жиналатын әрі жамағат намазы үшін азан айтылмайтын. Осындай жағдайда намазды жариялайтын бір белгі керек болды. Ол кезде яһудилер мен христиандар адамдарын құлшылыққа керней үріп, қоңырау ұрып немесе от жағып шақыратын. Бірақ Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оларға ұқсауын қаламады. Осы кезде Хақ Тағала мұсылмандарға азанды нәсіп етті. Нақты айтар болсақ мұсылмандардың кейбіріне түсінде азан аян болды. Олар түстерін айтқаннан соң Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) намаз уақыты кіргенде азан айтуды ұйғарып, азаншы етіп Биләл ибн Рабахты (родиял-лаһу ғанһу) тағайындады.

Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу) – мұсылмандардың әуелгі азаншысы және Қияметке дейін азаншылардың имамы болып қала бермек.

Толығырақ ...

Мұсылмандардың өзге жұртпен серттесулері

Муһажирлер мен ансарлар бауырласқаннан кейін Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) олардың арасында серт құрды. Ол сертке сай муһажирлер мен ансарлар біртұтас мұсылман қауымын құруы тиіс еді. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сол кезде Мадинаны мекендеген яһуди және мушриктермен де келісімге отырды. Сол келісімнің негізмі мазмұны – Мадинаны мекендеген мұсылмандар, яһудилер мен мушриктер өзара жауласуына әрі бір-біріне қарсы бірлесуіне болмайды.

Осылайша мұсылмандар мен өзге жұрттың арасындағы қарым-қатынасты реттегеннен кейін Мадинадағы мұсылман қауымы егеменді мемлекет ретінде қалыптаса бастады.

Толығырақ ...

Муһажирлер мен ансарлардың бауырласуы

Меккелік мұсылмандардың Мадинаға көшетіні көшіп, Меккеде тек түрлі себептерге байланысты һижрат етуге шамасы келмейтіндері ғана қалды.

Яһуди тайпалары болмаса, Мадинада мұсылман болмаған аула қалмады. Ансарлар отбасыларымен бірге дінді қабылдады. Осы жағдайда Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) муһажирлер мен ансарларды бауырластырды. Осылайша Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) муһажирлердің көңілін жұбатуға тырысты.

Бауырластықта ерекше ықылас білдірген ансарлар муһажир бауырларына: «Міне менің дүнием. Осының жартысы сенікі»,-десе муһажирлер бекзаттық білдіріп әдептілікпен мұндай мол сыйдан бас тартты. Дегенімен, ансарлардың ұсынысын қабыл еткен муһажирлер де болды.

Толығырақ ...

Мадинадағы Нәбәуи мешітінің тұрғызылуы

Екі жетім баладан жерді сатып алғаннан кейін Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешіттің құрылысына кірісті.

Мешіттің құрылысына Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм), муһажир мен ансарлар, жалпы Мадинадағы барша мұсылман қауым үлесін қосты. Мәселен, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) мешіттің дуалын көтеретін қыштың лайын илесіп: «Уа, Тәңірім! Сауаптың абзалы – Ақыреттің сауабы. Ансарлар мен муһажирлерді рахметіңе бөле!»,-деп дұға еткен болатын.

Сахабалар үшін мешіттің құрылысы мейрам айналды. Олар шаттанып мешіт дуалдарын Хақ Тағалаға мақтау айтумен тұрғызды. 

Мешіттің құрылысы жеті айға созылды. Сол арада Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Әбу Әйюбтың (родиял-лаһу ғанһу) үйінде тұрып, мешіт және үйінің құрылысы біткеннен кейін өз үйіне қоныс аударды.

Толығырақ ...