Расулуллаһ с.ғ.с. Әбу Айюбтың үйіне тұрақтауы

Расулуллаһ с.ғ.с. Әбу Айюбтың үйіне тұрақтауы

Қуба мешітін көтергеннен кейін Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадина келді. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинаға кіргеннен мадиналықтар: «Уа, Расулуллаһ! Менің үйімді мекендеңіз, менің үйімді мекендеңіз»,-деп өтіне бастады. Дегенмен, мекендейтін баспананы таңдау мәселесін Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Алла Тағалаға тапсырды. Нәтижеде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мінген түйе Бәни Малик ибн Ән-Нәжжардың ауласының жанындағы екі жетім баланың құрмасының жанына барып шөкті. Негізі ол екі жетім Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) нағашы болып келетін. Бүгінгі күні дәл сол жерде Мадинадағы Нәбәуи мешіттің кіреберіс есігі орналасқан. 

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) түйесінен түсті. Әбу Айюб, яғни Халид ибн Зәйд Ән-Нәжжари (родиял-лаһу ғанһу) Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заттарын алып үйіне кіргізді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға