Нәби с.ғ.с. Әбу Айюбтың ұсынысын қабылдамауы

Нәби с.ғ.с. Әбу Айюбтың ұсынысын қабылдамауы

Әбу Айюбтың (родиял-лаһу ғанһу) үйі екі қабат болатын. Сондықтан Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үйдің төменгі қабатында тұруды ұйғарды. 

Әрине, Әбу Айюб (родиял-лаһу ғанһу) Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оның үйінде тұрақтағаны на қатты қуанды. Дегенмен, Әбу Айюбты (родиял-лаһу ғанһу) бір жағдай қынжылтты. Алла елшісіне (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) деген қызметте бар жан-тәнін салған Әбу Айюбты (родиял-лаһу ғанһу): «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) төменгі қабатта, ал мен болсам оның үстіндемін. Осы қаншалықты орынды?»,-деген ой қажытты. Нәтижеде ол Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келіп: «Уа, Расулуллаһ! Сіз Алла Тағаланың елшісісіз. Мен сіздің төбеңізден аяқ басып жүргенім жараспайды. Сондықтан сіз жоғарғы қабатты иемденіп, мен бала-шағаммен төменгі қабатқа түссем»,-деді. Сонда дана Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оған: «Мен үшін және маған келген адамдар үшін төменгі қабат қолайлы»,- деп жауап берді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға