Исламдағы алғашқы мешіттің орны

Исламдағы алғашқы мешіттің орны

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін мешіт салуын қалайды. Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинаға келгеніне оннан астам күн өткен болатын.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мешіттің орны қалай таңдады? Ол түйесіне мініп тізгінін бос қойды. Адамдар өз еркінше жүрген түйеге ерді. Бір кезде түйе бір орынға барып шөкті. Сол кезде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Құдай қаласа, мешіттің орны осы болады»,-деді.

Түйе шөккен орын Сәһл және Суһәйл есімді екі жетім баланың жері болатын. 

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Сәһл мен Суһәйлді шақырып алып, оларға жерлерін сатуды ұсынды. Сонда олар: «Жоқ, біз оны сатпаймыз. Біз оны сізге тегін береміз»,-деді. Дегенмен Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) екі жетім баладан жерді тегін алуын қаламай олардан оны сатып алды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға