Қыбланың өзгеруі – сынақ!

Қыбланың өзгеруі – сынақ!

Қыбланың өзгеруі Алла Тағаланың сынағы еді. Сол арқылы Хақ Тағала пенделердің дінге деген ықыласын тексерді.

Мұсылмандар Байтул-Мақдиске қарап намаз оқығандарын көрген яһудилер: «Мұхаммед өз дінін ұстанып, біздің қыбламызды пайдаланып жатыр»,-дейтін. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) олардың іштарлық етіп жүргенін білетін.

Мұсылмандардың қыбласы Байтул-Мақдистен Меккедегі қағбаға ауысқаны яһуди мен мұнафықтар үшін қатты соққы болды. Қыбланың өзгергені яһуди мен мұнафықтардың Исламнан болған күмәнін күшейтсе, мұсылмандардың иманын тұрақтандыра түсті.

Негізінде яһуди мен мұнафықтар қыбланың өзгеруін Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жеке қате ұйғарымы деп түсінді. Әлбетте, олардың бұл ойы орасаң қате еді. Әдеті бойынша мұсылмандардың арасында іріткі салу үшін, олар: «Байтул-Мақдиске қарап намаз оқып, қыбла өзгеруден бұрын өлгендер кәпір болған күйде өлді. Қыбласын өзгерткен Мұхаммед күпірлікке ұрынды»,-деген сөз тарата бастады. Осылай дей тұра, яһудилер Тауратта баян етілген соңғы пайғамбардың сипаттарын жасыруға тырысты. Себебі, сол сипаттардан хабары бар адам Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына иман келтіруі тиіс еді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға