Сурақаның оқиғасы
- Бөлім:  Сира
- Бірінші болып пікір айтыңыз!
- Оқылды:: 1046 рет
Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) таба алмай әптен әлекке түскен мушриктер оны тапқанға жүз түйе сыйақы тағайындады.
Ал бұл кезде үш күн үңгірде жасырынған Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бен Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) Ясрибке (Мадинаның көне атауы) қарай бет алған болатын.
Сурақа ибн Малик жүз түйе сыйақы жайында Қудайда деп аталатын жерде естіді.
Қудайда – Меккенің маңындағы жиын өткізетін орынның атауы.
Сурақа ибн Маликтің бойында қандай болғанда да іздеу салынғандарды өзгелерден бұрын табуға құштарлық пайда болды. Ол үндеместен орнынан тұрды. Бойын түзеп тұрғаны сол еді оның бір туысы үш адамды көргені жайында айтты. Сурақа оны ойынан жаңылыстыру үшін: «Ол жоғалған түйелерін іздеп жүрген бір үйдің балалары болса керек»,-деген еді, туысы онымен келісе салды.