Мұсылмандар Пайғамбарымызды с.ғ.с. тануы

Адамдар Алла Тағала елшісін тани алмай тұрғанын түсінген Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) шапанымен Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көлеңкелей бастады. Сол сәтте адамдар екі адамның қайсысы пағамбар екенін түсінді.

Мұсылмандардың қуанышында шек болмады. Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қарсы алу үшін шыққан жұрт, тіпті солардың ішіндегі жас балалар мен құлдардың өзі: «Бұл – Хақ Тағаланың елшісі. Ол келді, ол келді»,-деп шаттықтарын білдірді.

Дәл сол сәтте мадиналық мұсылмандар «Таләғәл-бадру ғаләйна» әнін шырқай бастады. 

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинаға келуі жайында Әнас ибн Малик Ансари (родиял-лаһу ғанһу) былай дейді: «Мен Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадина кіргенінде көрдім. Кейін сол күннен керемет әрі нұрлы күн көрмедім».

Толығырақ ...

Мадиналықтар Пайғамбарымызды с.ғ.с. Әбу Бәкрден р.л.ғ. айыра алмай қалуы

Хабарды естіген мадиналықтар Алла Тағаланың елшісін қарсы алу үшін шықты.

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мен Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) құрма талдың көлеңкесінде отырған болатын. Адамдар оларға жақындады. 

Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үш-ақ жас кіші болатын оған қоса мадиналықтардың көпшілігі осыған дейін Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көрмеген еді. Сондықтан олар құрманың көлеңкесінде отырған Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мен Әбу Бәкрге (родиял-лаһу ғанһу) жақындаған сәтте, екеуінің қайсысы пайғамбар екенін айыра алмады. Сол сәтте Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) орнынан тұрып шапанымен Пайғабарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көлеңкелей бастады. Сол сәтте ададар екі адамның қайсысы пайғамбар екенін түсінді.

Толығырақ ...

Яһудидің сүйіншілеуі

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден шыққанын естіген Мадина жұрты оның келуін асыға күтті. Қош хабарды естігеннен бастап мұсылмандар таң намазын Мадинаның тысында Мекке тарапында оқитын болды. Таң намазын оқып болғаннан соң сонау тал түске дейін көкжиектен көз алмайтын. Түсте күн қызғаннан соң үйлеріне тарап кететін.

Осылай он шақты күн өтті. Мадина халқы әдеті бойынша Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинаның тысында түске дейін күтетін. Мұны байқаған яһудилер де оларға қосылып Алла Тағаланың елшісін күтетін болды.

Бір күні мұсылмандар әдеттегідей тсүке дейін керуен қарап, күн ысығаннан кейін үйлеріне тарап кетеді. Сол кезде алыстан түйе мінген екі адам көрінеді. Ол – Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мен Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) еді. 

Толығырақ ...

Умму Мағбадтың оқиғасы

Меккеден Мадинаға һижрат етіп бара жатқан Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пен Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) жолда Умму Мағбад Әл-Хузағийа есімді әйелді кездестіреді.

Умму Мағбадтың өз есімі – Ғатика бинт Халид. Сахаба. Исламды ерімен бірге қабылдаған.

Һижрат сапарында Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жанында үш адам болатын. Ол: Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу), оның құлы Ғамир және жол көрсетуші Абдуллаһ ибн Урайқит.

Жолаушылар жақандағанда Умму Мағбад шатырды көлеңкелеп отырған болатын. Муһажирлер: «Бізге азық керек. Құрма немесе етіңіз болса, сатып алар едік»,-дегенде, Умму Мағбад жейтін ештеңе жоғын айтты. Сонда Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көзі шатырдың жанындағы қойға түсті. Ол: «Бұл не қылған қой?»,-деп сұрады. Умму Мағбад ол өрістен қалып кеткенін айтты. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Оның сүті бар ма?»,-деп сұрады. Умму Мағбад: «Жоқ»,-деп жауап берді. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Оны саусақ бола ма?»,-деп сұрады. Умму Мағбад таңдана: «Сауып көріңдер»,-деді.

Толығырақ ...

Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жуабы

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Сурақаға: «Уа, Сурақа! Хосройдың тәжін кисең қалай болар еді?»,-деп сұрады. Сұрақа таңдана: «Хосрой ибн Хурмуздың тәжін бе?»,-деп сұрады. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Иә, соның тәжін»,-деп жауап берді.

Осы әңгімеден соң Сурақа кері қайтты. Жолда Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ізіне түскен адамдарды көріп оларды: «Кері қайтыңдар! Мен мына тараптың бәрін мұқият қарап шықтым. Қашқындар мұнда жоқ»,-деп кері қайтарды.

Толығырақ ...

Сурақаның тәубесі

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) соңына түскен шауып келе жатқан сәтте Сурақаның аты кенеттен төрт аяғы тұсауланғандай тұрып қалды. Аттың үстінен ұшып түскен Сурақа атына мінді де істің мән жайына бармастан қайта жөнелді. Бірақ біршама жүргеннен кейін Сурақаның аты қайта аяғына қазық қағылғандай кілт тоқтады. Жерге ұшып түскен Сурақа ашуланып қайта атына мінді де қуғынды жалғастырды. Алайда бұл жолы да оның аты көп жүрмеді. Жиектен жол бастаған Ғамир мен Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) және Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) көрініп қалған болатын.

Сурақаның қолы садаққа қарай созылды. Сол кезде Сурақаның аты қайта сіресіп тұрып қалды. Оған қоса Сурақа аттың аяғы жерге батып баратқанын және дәл алдында құйындаған буды байқады. Осы сәтте Сурақа Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Алла Тағаланың панасында екенін түсінді.

 

Толығырақ ...