Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) балалары

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Ибраһимнен өзге барлық баласы Хадиша анамыздан болды. Ол, қыздары Зейнеп, Руқийа, Умму Күлсум, Фатима. дочери: Зайнаб, Рукийа, Умму Кульсум, Фатима. Ұлдары: Әл-Қасим және Абдуллаһ. Әл-Қасим пайғамбарлықтан бұрын, ал Абдуллаһ пайғамбарлық басталғаннан кейін туылды. Әл-Қасим де, Абдуллаһ та жастай дүние салды.

Толығырақ ...

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) үйленуі

Тарихтар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) он жыл қойшы болғаны мәлім. Жиырма бес жасында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) саудамен айналыса бастайды. Сол кезде ол Хадиша анамызға жалданып, сауда мақсатымен Шамға аттанады. Сапар да, сауда да сәтті болады. Сол сапардан соң Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) адалдығына қызыққан Хадиша анамыз Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) күйеуге шығады. Ол кезде Хадиша анамыздың жасы қырықта болатын.

Толығырақ ...

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Бухайрамен кездесуі

Абу Толиб саудамен айналысып, сол мақсатта Шамға сапар шегетін. Бір жолы ол өзімен бірге Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) алады. Ол кезде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жасы он екіде болатын.

Жолда Бусра қаласында олар Бухайра есімді монахпен кездеседі. Бухайра христиан дінінің несториан ағымын ұстанатын. Ол ағымның ұғымында Иса пайғамбар (ъаләйһис-саләм) Құдайдың ұлы емес, пайғамбар ретінде қабылданады.

Толығырақ ...

Мухаммад пайғамбардың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) қысқаша өмірбаяны-Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) ата-анасы қайтыс болуы

Абдуллаһ ұлын көрмей о дүниелі болды. Ол дүние салғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) анасының құрсағында болатын. Амина қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бар болғаны алты жаста еді.

Анасы Амина қайтыс болғаннан кейін Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) қамқорлығына атасы Абдул-Мутталиб алды. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сегіз жасқа толғанда Абдул-Мутталиб бақилық болды. Сонан соң Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әкесінің бауыры Абу Толиб қамқорлық етті.

Толығырақ ...

Пайғамбарымыздың (с.а.с) дүниеге келуі

Ғалымдар Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) туылған күніне қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Сондықтан олардың арасында «Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) туылған күні Раби` Әль-Әууәл айының екісі (сегізі, оны, он екісі)» деген пікір бар.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) дүйсенбі күні дүниеге келіп, дүйсенбі күні бақилық болды. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушілік жоқ.

Толығырақ ...

Пайғамбарымыздың (с.а.с) шығу тегі

Ғалымдарың айтуы бойынша Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) тегі Аднаннан бастау алады. Аднан – Исмаил пайғамбардың (ъаләйһис-саләм) ұрпағы. («Мухаммад», Мухаммад Риза) Ал Аднан, өз кезегінде, Хижәз (Сауд Арабиясы) арабтарының ата-бабасы болады. («Әл-Бидая уән-ниһайа»)

Толығырақ ...