Minoxidilдің жарнамасы

Мынау Minoxidil компаниясының сақалды өсіруге арналған кремнің рекламасы. Сондықтан өзім бұл бейнероликті нағыз мұсылмандарға арналған жарнама деп түсіндім. Бірақ... Бірақ бір қызығы – егер осы кремді бір мұсылман елінің компаниясы жарнамаласа – ол терроризмге т.с.с. шақыру болар ма еді?!... Бірақ бұл крем Minoxidil компаниясының өнімі болу себебінен бұл бейнеролик «мода жарнамасы» ғана болып есептеледі.

Қызық және ғажап!

Сіз не деп ойлайсыз?

Толығырақ ...

Отбасынан айырылған бала

Отбасынан айырылған сириялық бала. Наркоздан кейін есін жинап мұсылмандардың арасында екеніне көз жеткізу үшін жанындағыларға «лә иләһа илләл-лаһ» кәлимасын айтқызып жатыр.

Кезінде сол Сирияда соғыс басталғанда сондағы қантөгісті аңсап, ИГИЛдің қанішерлерін қолдағандар баршылық еді. Соның ішінде сен де бар шығарсың... Егер солай болса, онда тәубеңе кел! Дәл сол ДАИШ содырлары қаншама мұсылманды өлтіріп, қаншама жетім бала мен нәпсі саудасына салынған бойжеткеннің обалына қалды.

Кезінде сол Сириядағы ДАИШтің зорлық-зомбылығын айыптағанымда біреу: «Согда сен не ислам халифаты құрылуына қарсысың ба?»,-деген еді. Иә! Мен діннен шошытатын, айыпсыз жандардың қанын төгетін, баланы жетім ететін, қыз балаларды қатындық сауда затына айналдыратын, халықты елінен бездіретін халифатқа қарсымын!

Бұрын да айтылды, қазір де айтылатыны – сол ДАИШтік – надандық пен қараңғылықтың көрінісі.

Алла Тағала елімізді пасық, білімсіз, қараңғы діндарлықтан сақтасын! Еліміз – аман, заманымыз – тыныш болсын! Әмин!

Толығырақ ...