Уругвай азаматының Ислам дінін қабылдағандағы сәті

Интернет кеңістігінде Уругвай азаматының ислам дінін қабылдау сәті жазылған таспа кең тарады.

Уругвайлық тұрғын имамның айтқанын сөзбе сөз қайталап, ислам дінін қабылдау шарты – кәлима шахадатын айтады: «Алладан басқа ешбір Құдай жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін. Иса Алланың пайғамбары екеніне куәлік етемін».

Кәлима шахадатының классикалық қалыптасқан үрдісінде Иса пайғамбар туралы айтылмайды. Алайда, имам Иса пайғамбардың ислам дінінде де орны ерекше екенін, оның да пайғамбар болғанын түсіндіру үшін қосымша айтқызған.

Ал, хақ дінмен қауышқан жан кәлима шахадатымен шектелмей, Құранның беташар сүресі – «Фатиханы» оқуға ниет білдірді. Қасиетті Құран аяттарын оқу барысында ол ішкі толқынысын жасыра алмай, көз жасына ерік берді. 

Муфтият.кз

Толығырақ ...

7 ай өмірі қалғанын естіген миллионер жігіттің шешімі (Видео)

Ауқатты кәсіпкер Әли Банат өзінің қатерлі ісік ауруынынң ең ауыр сатысында екенін білгеннен кейін жиған дүниесін қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдайды.

Мінгені Ferrari Spider, сонымен қоса білдей бір автомобиль паркінің қожайыны, өзінің жекежайы бар, не ішем, не жеймін, ақшаны қайда жеткіземін демей уайым-қайғысыз қам кешіп жатқан жігіт өмір сүруіне 7 ай қалды дегенді естігенде өмірі күрт өзгеріп кетті.

Бизнесмен Африкада 200-ден аса жесірлерге үй мен 600-ге жуық жетім балаларға арнап жатақхана салып бермекші.

 

Бұдан өзге Әли жергілікті жердің халқына қызмет ететін, жұмыспен қаматамасыз ету үшін аурухана мен бизнес орталығын тұрғызатынын айтты. «Алла менің өмірімнің аз қалғанын сезіну үшін, жалған дүниені тастап жалғыз мәңгілік өмірге аттанатынымды сезіну үшін бұл ауруды маған сыйға тартты. Маған жақсылық жасаудан артық еш нәрсе көмектеспейді»,-дейді мұсылман жігіт.

Толығырақ ...

Ажал айтып келмейді!

Барлық жаратылған ертелі-кеш о дүниеге аттанады. Мәселе, пәнилік болуда емес, қандай жағдайда пәнилікке аттануыңда. 

Мына видеода мұсылман пенде намазда тұрып жан тапсырғаны бейнеленген. Өзімізге де, өзгеге де лім тілемейміз. Дегенмен, Алла Тағала баршамызға құлшылық барысында жан тапсыруымызды нәсіп етсін! Әмин! 

Толығырақ ...

Құранды қаралаймын деген тележүргізуші масқара болды

Тележүргізуші студиядағы екі қонақтың алдында қантөгіске үнедеген аяттарды оқып жатады. Радикалды үндеуді естіген қонақтар қантөгіс жайында естіп аң-таң. Бір кезде кітаптың мұқабасына қараған тележүргізуші оқып жатқаны Библия екенін байқап сасқалақтап қалады. Сөйтсе оның оқып отырғаны Құран емес, Бибилия болып шығады.

Толығырақ ...