Иманның тартымдылығы неде?

عن أنس عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: ثَلاَثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ بِهِنَّ حِلاَوَةَ الإِيمَانِ: أَنْ يَكُونَ اللهُ وَرَسُولُهُ أَحَبُّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لاَ يُحْبُّهُ إِلاَّ للهِ وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Бойында мына үш нәрсе болған адам иманның тартымдылығын сезiнедi. Ол: Алла Тағала мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көру. Бiреудi тек Алла Тағаланың разылығы үшiн жақсы көру. Қайта күпiрлiкке түсуді отқа тасталуын қаламағанындай қаламау».

Хадистi Әнастан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Бухари риуаят еттi.[1]

Жүрекке иман ұялағаннан кейін пенде имандылықтың тартымдылығын сезіне бастайды. Осы себептен ғалымдар «иманның тартымдылығын сезінуді» – Алла Тағалаға бойсұну және дін үшін түрлі машақатқа шыдап берудің ләзаттын сезіну деп түсіндірген.[2]

Алла Тағаланы және Оның елшісін жақсы көру:

- пәнилікті емес, бәлкім Ақыретті, Ақырет сауабын қалау.

- Алла Тағалаға бойсұну және Оның әмірлеріне қарсы келмеу. Пайғамбарды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жақсы көру де солай.[3]

- жүрек Раббы разы болған нәрсені қабыл етуі, Алла Тағала жақсы көргенді жақсы көріп, жеккөргенін жеккөру.[4]

- Алла Тағала мен пайғамбардың үкімін өзге талаптан үстем қою.

Әл-Қади (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Махаббат – нәпсі бір нәрсені оның кемелдігі үшін қалауы. Пенде ақиқат кемелдік тек Алла Тағалаға тән, өзіндегі әрі өзгедегі кемелдік – Хақ Тағаланың бергені және Оның иелігіндегі нәрсе екенін білгеннен кейін тек Алла Тағала үшін жақсы көре бастайды. Міне, осы жағдай оның бойында Алла Тағалаға бойсұну сезімін пайда етеді. Осы себептен «Алла Тағаланы жақсы көру – Хақ Тағалаға бойсұну және Оның елшісіне еру» деп айтылады».[5]

Алла Тағаланың разылығы үшiн жақсы көру– яғни, достықтан дүниені мақсат етпеу.[6] Жалпы, мұсылманның әрбір амалы, тіпті сезімінің өзі Хақ Тағаланың разылығымен байланысты болуы тиіс. Мысалы, ата-анасын жақсы көрсе тек олар ата-анасы болғаны үшін емес, бәлкім ата-ананы құрметтеу Хақ Тағаланың әмірі болғаны үшін жақсы көреді. Ал ата-ананы құрметтеу – оларды жақсы көрудің бір үлгісі.

Пенде иманға келуі – Хақ Тағала оны Ислам арқылы тозақтан құтқаруын қалағанның белгісі. Иманға келгеннен кейін пенденің көзқарасы мен түсінігі күрт өзгереді. Бұрын бағалаған нәрселер құнсызданып, өзге өлшем пайда болады. Намаз оқып, ораза ұстай бастағаннан соң біреулердің түнгі ойын-сауық клубтан, арақ-шарап, құмар ойын, некесіз жүрістен бас тартатыны осы себептен. Мұндай пенденің күнделікті құлшылығы күннен-күнге оның көкірек көзін оятып, нәтижеде ол тек шариғат бұйырған нәрселерді бағалай бастайды. Соңында бірте-бірте тұрақталған иманы оған күпірлікті және онымен байланысты ұятсыз және арсыз нәрсенің бәрін жеккөрінішті етіп көрсетеді. Нәтижеде иманды пенде Қияметтегі жарқын болашағын күпірлік түнегі мен тозақ азабына тең көрмейді.



[1]‏صحيح البخاري، 8 - باب: حلاوة الإيمان، الحديث رقم 16

[2]‏صحيح البخاري

[3]‏تحفة الأحوذي

[4]‏صحيح مسلم بشرح النووي

[5]فيض القدير، شرح الجامع الصغير

[6]‏صحيح البخاري

Толығырақ ...

Тағдырға иман

Мүмин пенде дүниедегі барлық нәрсе тек Хақ Тағаланың қалауымен болатынына сенеді де «былай етсем – былай болар еді» деген ойдан барынша аулақ болады. Өйткені:

ما شاء الله كان وما لم يشاء لم يكن

«Алла Тағала қалағаны болып, қаламағаны болмады». Басқаша айтар болсақ: Хақ Тағаланың қалағаны болады да, қалмағаны болмайды.

Мұсылманның осы сенімі «тағдырға сенім» деп айтылады.

Айта кететін нәрсе – өлім мен тағдырдың арасында тығыз байланыс бар. Бір ғана мысал: атеисттер адамның өліміне қарттық себеп дейді. Алайда қартаймастан, мәселен ауру-кеселден немесе түрлі апаттан көз жұмып жатқан қанша ма адам бар? Келесі мәселе – біреу 70 жасында көз жұмса, біреулер 100 жыл өмір сүріп жатады. Қарттықтан өлетін болса неге сол жүз жасағандар 70 жасында өліп қалмайды?! Сондықтан «адам қарттықтан өледі» деген ой ақиқатқа қайшы. Ақиқаты – адам Алла Тағаланың қалауымен жан тапсырады. Барлық адам Алла Тағаланың белгілеген тағдырына сай мөлшерде өмір сүреді. Себебі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

لَا تَسْتَبْطِئُوا الرِّزْقَ فَإِنَّهُ لَمْ يَكُنْ عَبْدٌ لِيَمُوتَ حَتَّى يَبْلُغَهُ آخِرَ رِزْقٍ هُوَ لَهُ

«Ризық-несібелеріңді асықтырмаңдар! Себебі соңғы ризық-несібесі жетпейінше пенде өлмейді»,-деген.

Демек, кез келген адамның ғұмыр мөлшері Хақ Тағала белгілеген ризық-несібесіне, яғни тағдырға байланысты.

Толығырақ ...

Төрт нәрсеге нанбайынша...

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

قال رسولُ الله صلى الله عليه وسلم: لاَ يُؤْمِنُ عَبْدٌ حَتَّى يُؤْمِنَ بِأَرْبَعٍ: يَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللهِ بَعَثَنِي بِالْحَقِّ وَيُؤْمِنُ بِالْمَوْتِ وَيُؤْمِنُ بِالْبَعْثِ بَعْدَ الْمَوْتِ ويُؤْمِنُ بِالْقَدَرِ

«Төрт нәрсеге нанбайынша пенде иман келтірген болмайды. Ол: Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ, ал мен – ақиқатпен жіберілген Оның елшісі екеніме иман келтіру. Өлімге, өлімнен кейін қайта тірілуге және тағдырға иман келтіру».

Хадистi Әлиден (родиял-лаһу ъанһу) Имам Тирмизи риуаят еттi.[1]

Иманның ақиқаты – осы хадисте айтылған төрт нәрсеге шәксіз нану.

Мүмин пенде Хақ Тағаланың жалғыздығына және Мұхаммед (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) – Оның елшісі екеніне нық сенеді. Шариғатта мұны «шаһада» деп те айтады.

Шаһада – куәлік ету.

Шаһада екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – Алла Тағалаға иман келтіру болса, екінші бөлігі – Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына иман келтіру. Шаһаданың бұл екі бөлігі бір-бірін толықтырады әрі бірі болмаса екінші жарамсыз болады.

Шаһаданы айтқан адам жүрегіндегі сенімін тілмен айтып растаған болады.



[1]‏تحفة الأحوذي للمباركفوري، 31 - كتاب القدر، 1231 - باب ما جاءَ أَنّ الاْيمَانَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرّه، الحديث رقم 2170

Толығырақ ...

Иман деген не?

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

عن ابن عباس رضي الله عنهما قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: الإِيمَانُ أَنْ تُؤْمِنَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلاَئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَالْمَوْتِ وَالْحَيَاةِ بَعْدَ الْمَوْتِ وَتُؤْمِنَ بِالْجَنَّةِ وَالنَّارِ وَالْحِسَابِ وَالْمِيزَانِ وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ كُلِّهِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ

«Иман дегенiмiз сен Алла Тағалаға, Қиямет күнiне, перiштелерге, Кiтапқа, пайғамбарларға, өлетiнiңе, өлгеннен кейiн қайта тiрiлетiнiңе, жәннат, тозақ, сұрақ-жауап пен амалдар өлшенетiн таразының бар екенiне сенуiң. Жақсылық пен жамандықтың тағдыры белгiленуi Алла Тағаладан деп бiлуiң».

Хадистi Ибн Аббастан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад риуаят еттi.[1]

Иман – сенім, наным.

Мұсылман адам бірінші мәселеде Хақ Тағаланың барлығына және Оның жалғыздығына шәксіз сенеді.

Қиямет (Ақырет) күні - адамдар қайта тіріліп, мына фәни дүниедеістеген амалдары үшін Алла Тағалаға жауап беретін күн. Ол күні Алла Тағаланың жарылқауына лайық болғандар жәннаты, азабына лайық болғандар тозақы болады.

Құранда Ақырет күніне сену талабы Алла Тағалаға иман келтіру әмірімен қатар келген. Сонымен қатар Жаратушы Ие көп нәрсенің болуына Қиямет күнімен ант етеді. Осының барлығы Қиямет күніне иман келтірудің маңыздылығына нұсқайды.

Мұсылман Құран Кәрим мен хадистің негізінде періште деген нұрдан жаратылған жаратылыс бар деп біледі. Періштелер Адамнан (ғаләйһис-саләм) бұрын, нұрдан жаратылған.[2] Олар жеп-ішпейді, ұйықтамайды. Олардың ер-әйелі болмайды. Олардың бойында адам баласындағыдай шәһуат (жыныстық қатынасқа деген әуестік, құштарлық) жоқ.

Періштелер Алла Тағаланың әміріне қарсы келмейді, қателеспейді, күнә істемейді.[3]

Періштелердің санын жалғыз Алла Тағала ғана біледі.[4]

Періштелер адамның амалын жазыуына қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Соның бірі – адамның оң жағында періште, сол жағында лағынетті шайтан болады деген пікір. Періште адамды жақсылыққа тартса, шайтан жамандыққа тартады-мыс. Бұл пікір мүлдем қате. Адамның екі иық тарапында екі періштелер болады. Олардың міндеті: адамның жақсы-жаман амалдарын жазу. Оң жақтағы періште жақсы амалды, ал сол жақтағы періште жаман амалды жазады. Бұл періштелерден адам баласына келіп-кетер зиян жоқ. Өйткені олардың міндеті адамның жақсы-жаман амалын жазумен шектеледі.

Пайғамбарлардың міндеті – өз үмметіне Алла Тағаланың бұйрықтарын жеткізу.

Пайғамбарлар Хақ Тағаланың қалауымен қарапайым адамның қолынан келмейтін істерді істеумен ерекшеленеді. Ол «муғжиза» деп аталады. Муғжиза – олар Жаратушы Иенің ақиқи пайғамбар екеніне айқын дәлел.

Пайғамбарлар «мұсылманның» немесе «кәпірдің» пайғамбары болып бөлінбейді. Себебі, ешкім өздігінен пайғамбар бола алмайды.

Пайғамбар – Алла Тағаланың өкілі. Ал бұл өкілдікке Хақ Тағаланың өзі тағайындамаса, ешкім өздігінен Алла Тағаланың елшісі бола алмайды.

Мұсылман адам жәннат, тозақ, сұрақ-жауап, амалдар таразысы хақ деп біледі.

Тағдырға иман келтіру – иманның шарты және Ислам нанымының маңызды негіздерінің бірі. Тағдыр – Хақ Тағаланың белгілеген жүйе-қағидасы, өлшемі.[5]

Пенде дүниеге келместен бұрын ол мұсылман немесе кәпір болатыны, оның ризық-несібесі, өмір сүру мерзімі мен өлім сәті алдын ала Ләухүл-Махфузға жазып қойған.[6] Мұсылман осыған шын жүректен сенеді.



[1]‏مجمع الزوائد للحافظ الهيثمي، 1 - كتاب الإيمان، 7 - أبواب في أصول الدين، 3 - أبواب في فرائض الإسلام، 2 - باب منه، الحديث رقم 112

[2]«Бақара» сүресі, 30 аят.

[3]«Ағраф» сүресі, 206 аят.

[4]«Мүддәссир» сүресі, 31 аят.

[5]«Рағд» сүресі, 8 аят.

[6] «Хаж» сүресі, 70 аят.

Толығырақ ...

Иман тозады

عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: إِنَّ الإِيمَانَ لَيَخْلُقُ فِي جَوْفِ أَحَدِكُمْ كَمَا يَخْلُقُ الثَّوْبُ الْخَلْقِ فَاسْأَلُوا اللهَ تَعَالَى أَنْ يُجَدِّدَ الإِيمَانَ فِي قُلُوبِكُمْ

Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Сендердің іштеріңдегі имандарың ескі киім тозғандай тозады. Сондықтан Алла Тағаладан жүректеріңдегі иманды жаңдандыруын тілеңдер».

Хадистi Абдулла ибн Ғамрдан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Табарони риуаят еттi.[1]

Бұл хадисте иман тозығы жететін затпен бейнелі түрде салыстырылған. Расында да пенде иман сөзін айтумен және иман амалын істеумен жүрегін нұрландырады, кейін оны жағымсыз істерімен кірлетеді. Соң иман сөзін қайта айтумен иманын жандандырып, жүрегін тазартады. Демек, күнәлі істі – жүректің кеселі, ал иманды сөз бен істі сол дерттің емі реті қарастырса болады.



[1]‏مجمع الزوائد للحافظ الهيثمي، 1 - كتاب الإيمان، 11 - باب تجديد الإيمان، الحديث رقم 158

Толығырақ ...

Күнә істей берсе не болады?

Пенде күнә істей берсе жүрек күнә түнегімен қапталу қауіпі бар. Негізі күнәні тотпен салыстырса болады. Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

إِنَّ الْعَبْدَ إِذَا أَخْطَأَ خَطِيئَةً نُكِتَتْ فِي قَلْبِهِ نُكْتَةٌ سَوْدَاءٌ فإِذَا هُوَ نَزَعَ وَاسْتَغْفَرَ وَتَابَ سُقِلَ قَلْبُهُ وَإِنْ عَادَ زِيدَ فِيهَا حَتَّى تَعْلُو قَلْبَهُ وَهُوَ الرَّانُ الَّذِّي ذَكَرَ اللهُ "كَلاَّ بَلْ رَانَ عَلَى قُلُوبِهِمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ"

«Пенде бір күнә істесе, оның жүрегіне бір қара нүкте басылады. Егер ол күнәдан сақтанып, күнәсі үшін кешірім сұрап, тәубесіне келсе, жүрек нүктеден тазартылады. Пенде қайта күнә істесе, басқа қара нүкте басылады. Сөйтіп, жүректі қара нүкте баспайынша, осылай жалғаса береді. Жаратушы Ие: «Жоқ! Бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының тоты басты»-деп[1] айтқан тоты осы».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Тирмизи риуаят еттi.



[1] «Мутоффифин» сүресі, 14 аят.

Толығырақ ...