Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қабылдың құралы. Жауабы...

Қабылдың құралы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Адамның (ғаләйһис-саләм) ұлы Қабыл бауыры Һәбілді өлтіреді. Сондағы оның өлтіру құралы не еді?

Жауабы: Алла Тағала «Мәида» сүресінің 30-шы аятында:

فَطَوَّعَتْ لَهُ نَفْسُهُ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُ فَأَصْبَحَ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Нәпсісі Қабылға бауырын өлтіруге итермеледі. Нәтижеде Қабыл бауырын өлтіріп зиынға ұшырағандардан болды»,-деген.

Имам Табари (рохматуллаһи ғаләйһи) «Тарихында »және имам Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи) «Әл-Мунтазамда» Қабыл бауырын таспен басынан ұрып өлтіргені жайында айтқан. Имам Ибн Кәсир де (рохматуллаһи ғаләйһи) тафсирінде Суддиден (родиял-лаһу ғанһу) келтірген риуаятында осы жайында айтқан.

Дегенмен, имам Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи) бұл мәселеге қатысты үш түрлі пікір жайында айтқан:

1. Таспен атқыланып өлтірілді. Әбу Солих (родиял-лаһу ғанһу) Ибн Аббастан (родиял-лаһу ғанһу).

2. Һәбіл ұйықтап жатқанда жардың тасымен ұрып өлтірді.

3. Басын бір тасқа қойып кейін екінші таспен ұрып өлтірді.

Сонымен қатар имам Ибн Кәсир (рохматуллаһи ғаләйһи) былай деген: «Кейбір Кітаб иелерінің айтуынша Қабыл бауырын қылқындырып немесе жыртқыш сияқты тістеп өлтірді».

Осыған қоса есектің сүйек басымен ұрып өлтірді деген де сөз бар.

 

Анығы жалғыз Алла Тағалаға мәлім!

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014