Тасқа қатысты үш сұрақ. Жауабы...

Тасқа қатысты үш сұрақ. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

1. Тастан не жаратылды?

Тастан Алла Тағала Самуд халқына елшісі етіліп жіберілген Солих пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) түйесі жаратылды.

Самуд қауымы тарих сахынасына Ғад қауымынан кейін шығады. Ғад қауымы күпірліктері себебінен Алла Тағаланың қаһарына ұшырады. Алла Тағала Ғад қауымына Құранда «сорсор» деп аталған жел жіберіп, ол жел жеті күн және сегіз түн тоқтамай тұрады. Нәтижеде Ғад қауымының күпірлері жатқан жерлерінде қатып өледі.

Самуд қауымына келер болсақ, олардың табынатын бір жартасы болатын. Солих (ғаләйһис-саләм) оларды жартасқа табыну арқылы Алла Тағалаға серік қосудан ескертеді. Сонда қауымы: «Ей, Солих! Сен расында пайғамбар болсаң, онда Тәңірің мына жартастан ботасы бар әңген шғарып берсін»,-дейді.

- Егер дегенеріңдей болса, Алла Тағалаға иман келтіресіңдер ме?

- Әрине!

Осыдан соң Солих (ғаләйһис-саләм) Алла Тағалаға дұға етеді де, жартастан ботасы бар әңген пайда болады. Бірақ әдеттегідей кәпірлер иманға келмейді. Олар әңгенді өлтіреді. Рақымы шексіз Алла Тағала олар тәубелеріне келсін деп үш күн жазасын кешеуілдетеді. Оның ғаламаттары да болады. Яғни, бірінші күні кәпірлердің беттері сарғаяды, екінші күні қызарады, ал үшінші күні қараяды. Ал Салих (ғаләйһис-саләм) үш күн бойы: «Міне, бұл Алла Тағаланың ескертуі! Әлде де болса тәубелеріңе келіңдер»,-деп оларды ескертумен болады. Дегенмен, кәпірлер тәубелеріне келместен, қатты жаңғырық дауытан мерт болады.

2. Тасты кім паналады?

Тасты Асхабул-кәһф (үңгір иелері) паналады. Бұл жайында мына сілтемеден оқысаңыз болады: http://qari.kz/index.php/kz/sport/ran-ysalary/item/321-askhabul-kahf

3. Таспен не жойылды?

Таспен Меккеге Қағбаны қиратамын деп келген Абраһа Хабашидің әскері жойылды.

 

Бұл жайында мына сілтемеден оқысаңыз болады: http://qari.kz/index.php/kz/sport/ran-ysalary/item/590-askhabul-fil

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға