Куәлігі екі еркектің куәлігіне тең келген. Жауабы...

Куәлігі екі еркектің куәлігіне тең келген. Жауабы...
Өз-өзіңді шыңда! Әбу Бәкрдің (родиял-лаһу ғанһу) заманында Құран аяттары алғашқы рет бір Мусхафқа жинақталады. Сол Мусхафқа енетін әрбір аяттың ақиқаттылығына екі еркек куәлік етуі тиіс еді. Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) осы мақсатта арнайы топты тағайындап, топтың басшысы Зәйд ибн Сәбитті (родиял-лаһу ғанһу) етеді. Сахабалар (родиял-лаһу ғанһум) тері, ағаш, тас т.с.с. заттарға жазған аяттарын әкеле бастайды әрі соның әрбіріне кемінде екі шыншыл еркек: «Рас, бұл Құран аяты»,-деп куәлік етеді. Құран аяттарының бәрі Мусхафқа осы тәртіп бойынша енеді. Дегенмен, бір ғана аят Мусхафқа жалғыз куәгердің куәлігімен енеді. Сұрақ: сол аятты Мусхафқа ендіру үшін ұсынған кім еді? Жауап: ол – Хузайма ибн Сәбит Әл-Ауси (родиял-лаһу ғанһу). Құран айттары Мусхафқа жинақталу барысында «Тәуба» сүресінің соңғы аяттарын жазғанын тек Хузайма ибн Сәбит Әл-Ауси (родиял-лаһу ғанһу) ғана ұсынады. Сонда Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) былай дейді: «Ол аятты Муфхафқа жазыңдар! Себебі, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хузайманың (родиял-лаһу ғанһу) куәлігін екі адамның куәлігіне теңеген болатын».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға