Ғидданың мәнісі неде? Жауабы...

Ғидданың мәнісі неде? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Жоғарыда күйеуінен ажырасқан және жесір қалған әйелдің ғидда мерзімдерін анықтадық.

Келесі сұрақ: ғидданың мәнісі неде?

Жауап: Ислам ғидда мерзімі өтпестен әйелге тұрмыс құруына рұқсат етпейді. Мұның мәнісі:

1. Әйелдің екі қабат болуын анықтау;

2. Отбасы мәселесінің маңыздылығын арттыру;

3. Ажырасуды ниеттенгендер райынан қайтып қайта жарасып кету;

4. Ерлі-зайыптыларға негізгі төрт нәрсе міндеттеледі:

- Ердің әйеліне қатысты міндетін атқару. Мәселен, ажырасқан жағдайда ғидда мерзімінде әйел жүкті екені анықталса еркек өз баласын тіршілікке қажетті нәрсемен қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, азық, киім-кешек т.с.с.;

- Әйелдің еріне қатысты міндетін атқару. Яғни, ғидда мерзімі әйел кімнен жүкті болғаны анықталады;

- Ата-ананың перзентіне қатысты міндетін атқару. Мысалы, болашақта ешкім балаға: «Сен ойнастықтан туғансың»,-дегшен сөз айта алмауы керек;

- Алла Тағалаға қатысты міндетін атқару. Яғни, ғидда мерзімін күткен әйел Алла Тағаланың әміріне немқұралы қараған болмайды.

5. Пәк әйел – болашақ ізгі ұрпақтың негізі. Ал әйел жатырында екі ердің ұрығы араласпауы керек. Өйткені, бұл жағдай нәсілдің бұзылуына алып келеді. Ғидда мерзімі күтпеудің нәтижесі осыған алып келеді.

Ескерту! 

Біреулер: «14 ғасыр бұрын шариғат ғидданы міндеттесе ол кезде қазіргі замандағы аппараттар болмады. Бүгінгі күні әйелдің жүкті болғанын кез келген уақытта УЗИ-мен білсе болады»,-дейді. Солай болса мейлі ғой... Алайда, заманауи ғылым әйрбір еркектің ұрығында тек өзіне тән тектік шифры болады. Ұрық әйелдің ішіне түскеннен кейін жатырға жабысады. Сол еркектің тектік шифры бар ұрықтан тек ермен қосылудан тыйылғаннан кейін тазару мүмкін. Яғни, әйел ермен қосылған сайын жатырға еркектің жаңа тектік шифры түсе береді. Сонымен қатар еркектің тектік шифры етеккір қанымен бірге шығады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ әйел жатыры еркектің тектік шифрынан үш етеккір мерзімінсіз толық тазара алмайды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға