Оразаның үш бөлігі. Жауабы...

Оразаның үш бөлігі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Хадисте рамазанның үш бөлігі жайында айтылған. Олар қалай аталады?

Жауап: Имам Ибн Хузайма және Имам Әл-Байһақи Салманнан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

وَهُوَ شَهْرٌ أَوَّلُهُ رَحْمَةٌ وَأَوْسَطُهُ مَغْفِرَةٌ وَآخِرُهُ عِتْقٌ مِنَ النَّارِ

«Бұл айдың бірінші бөлігі – Хақ Тағаланың рахметі, екінші бөлігі – кешірімі, үшінші бөлігі – тозақтан азат болу».

Хақ Тағаланың рахметі – яғни, Рамазанның бірінші бөлігінде Аллаһ Тағаланың нығметтері молая түседі. Хақ Тағаланың бұл рахметі барша мұсылманға нәсіп болады. Ал ол үшін шүкіршілік еткен пенделер үшін рахмет молая түседі. Бұл мәселеге қатысты Аллаһ Тағала: «Егер шүкіршілік етсеңдер, бергеннің үстіне бере түсемін»,-деген. («Ибраһим» сүресі, 7 аят)

екінші бөлігі – кешірімі – Рамазанның бір бөлігі өткеннен кейін оның сыйы мен құрметі кешірімнен басталады. Ал оразаның үшінші бөлігі тозақ отынан азат ету болып табылады. 

тозақтан азат болу – көп хадисте Рамазанның соңындағы тозақ отынан азат етілудің сүйіншісі жайында айтылған. Жоғарыда айтылғаннан Рамазан үш бөлімнен тұратыны анықталған болатын. Қаламгердің ойынша бұл үш бөлім рахмет, кешірім және тозақ отынан азат етілу болып бөлінуі адамдар үш топқа бөлінуіне байланысты. Бірінші топқа күнәсі болмаған адамдар жатады. Бұларға Рамазанның бірінші күнінен бастап рахмет пен нығметтің нөсері нәсіп болады. Екінші топқа біршама күнәсі болғандар жатады. Оразаның бірнеше күнінен кейін, соның сыйы ретінде оларға оразаның берекеті мен күнәлардың кешірімі нәсіп болады. Үшінші топқа күнәлары көп болғандар жатады. Бұлар оразаның басым бөлігі өткеннен кейін тозақ отынан азат етіледі. Рамазанның бірінші күнінен Хақ Тағаланың рахметіне қол жеткізіп, күнәлары кешірілгендер мол игілікке ие болады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға