Мұсылмандардың Қыбласы өгеруі. Жауабы...

Мұсылмандардың Қыбласы өгеруі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бастапқы да Мадинада мұсылмандардың қыбласы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті болғаны мәлім. Кейін қыбла Меккедегі Қағбаға өзгертілді.

Сұрақ: мұсылмандардың қыбласы Әл-Ақсадан Қағбаға қай кезде өзгертілді?

Жауап: мұсылмандардың бірінші Қыбласы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті болды.

Әуеліде намазда Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне жүзді қарату – намаздың шарты болды. Алайда, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қыбла Қағба болуын қалады. Дегенмен, Алла Тағаланың әмірі болғаннан соң намазын Иерусалимдегі Байтүл-Мақдиске қарап оқитын. Осыған қатысты Барра ибн Ғазиб (родиял-лаһу ғанһу):

وكان يُحب أنْ يوجّه إلى الكعبة

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) намазды Қағбаға қарап оқуды қалайтын»,-деген.

Мекке дәуірінде осылай болды. Кейін Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін де 18 ай бойы (бір риуаяттарда 16-17 ай делінген) мұсылмандар намаздарын Иерусалимдегі Байтүл-Мақдиске оқыды. Кейін һижри екінші жылдың ражәб айында аср намазы барысында Алла Тағала қыбланы Меккедегі Қағбаға өзгертуды бұйырды. Осы кезден бастап мұсылмандар намаздарын Қағбаға қарап оқи бастады.

Қыбланың өзгеру жылы мен айы мәселесінде ғалымдардың басым көпшілігі һижри екінші жылдың ражәб айын айтқан. Намаз мәселесінде де ғалымдардың басым көпшілігі аср намазын атаған. Бірақ ғалымдардың арасында қыбланың нақты ауысқан күні мәселесінде түрлі пікір бар. 

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заманында Бәни Сәлим мешіті деп аталған мешіт, қыбла ауысқаннан кейін «Мәсжидүл-Қибләтайн» (екі қыбла мешіті) деп аталып кеткен. Бұл мешіт Мадинаның солтүстік-батыс тарапында орналасқан.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға