Нәбидің с.ғ.с. дәуіріндегі азаншылар. Жауабы...

Нәбидің с.ғ.с. дәуіріндегі азаншылар. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

«Пайғамбардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) азаншылары» десе ең алдымен ойға Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу) келеді. Алайда, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде азаншы болған үш сахаба болды. Солар кімдер?

Жауап: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде азаншы болған үш сахаба:

- Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу). Исламды бірінші болып қабылдағандардың бірі.

Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу) Умаййа ибн Халәфтың құлы болатын. Мұсылман болғанын айтқан кезде Умаййа ибн Халәф оны қатты азаптайды. Соған қарамастан Биләл (родиял-лаһу ғанһу) діннен қайтпайды. Кейін оны Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) сатып алып құлдықтан азат етеді.

Намазға азан айту үрдісі пайда болғанда Биләлді (родиял-лаһу ғанһу) азаншылыққа Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзі таңдаған болатын;

- Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу).

Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші зайыбы, мүминдердің анасы Хадишаның (родиял-лаһу ғанһа) туыс бауыры.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) көзі көр болатын. Осы себептен адамдар оны «ас-сұхба», яғни «көзі көр болу себебінен Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көрмеген, бірақ онымен сұхбаттасқан» деп атайтын.

Бірде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) құрайштықтардың үлкендерімен сұхбаттасып тұрғанда жанына Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) келіп Құранның аяттарын оқып беруін өтінеді. Сол кезде адамдармен әңгімелесіп тұрған Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қабағын түйіп одан теріс қарайды. Осы оқиғаға қатысты «Абаса» сүресінің бастапқы 14 аяты түсіріледі.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Биләлмен (родиял-лаһу ғанһу) бірге Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) азаншы етіп тағайындаған болатын. Сондықтан олар кезектесіп бірі азан шақырып, екіншісі намаздың қоматын айтатын.

Рамазанның кезінде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Биләл (родиял-лаһу ғанһу) азан айтқаннан кейін Ибн Әби Күлсум азан айтқанға дейін ішіп-жеңдер»,-деген болатын.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсумның (родиял-лаһу ғанһу) дінге ықыластылығы соншалық, ол көзі көр болғанынан қарамастан Құранды ең жақсы білетіндердің бірі болып әрі Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде бірнеше ғазауатқа қатысып мұсылмандардың жалаугері болатын.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) Омардың (родиял-лаһу ғанһу) халифалық дәуірінде 636 жылы парсылармен болған Қадисия шайқасында шаһид болады. Сол шайқаста да Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) әдеті бойынша мұсылмандардың туын ұстаған еді;

- Әбу Махзура (родиял-лаһу ғанһу). Дауысы көркем сахабаның бірі. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хунайн ғазауатынан Меккеге қайтып келе жатып жолда Әбу Махзураға (родиял-лаһу ғанһу) азан етуді бұйырған болатын. 

Әбу Махзура (родиял-лаһу ғанһу) Меккеде һижри 59-шы қайтыс болды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға