Омар (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйген... Жауабы...

Омар (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйген... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл өте мәшһүр оқиға! Һижри 9-шы жылы екінші әділ халифа Омар ибн Хаттаб (родиял-лаһу ғанһу) Шамға мұсылман әскерін жөнелтеді. Византиялықтармен болған шайқаста тұтқынға түскендердің ішінде Абдуллаһ ибн Хузафа да (родиял-лаһу ғанһу) болады. Сол оқиғада Абдуллаһ ибн Хузафа (родиял-лаһу ғанһу) византиялықтардың қолына түскен мұсылмандардың тұтқыннан босатылуына себепкер болады. Соң тұтқыннан азат етілген мұсылмандар Мадинаға келгенде халифа Омар (родиял-лаһу ғанһу) Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйіп: «Әрбір мұсылман Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүюге тиіс»,-дейді.

Сұрақ: Омардың (родиял-лаһу ғанһу) былай етуіне не себеп болды?

Жауап: Византия императоры алдына тұтқындалған мұсылмандарды алып келуін бұйырып оларды сынауды қалайды. Ол мұсылмандар діндері үшін жан тапсыруға дайын екенін естіген еді.

Император Абдуллаһ ибн Хузафаға (родиял-лаһу ғанһу) үңіліп қарап оған екі нәрсенің бірін қалауды ұсынады – христиан дінін қабылдау немесе өлім. Егер Абдуллаһ (родиял-лаһу ъанһу) христиан болса тұтқыннан азат етуді уәде етеді. Сонда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу) өлімді таңдайды.

Оның бұл таңдауына ашуы келген император Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) дарғасып, оған найза лақтыруды бұйырады. Император Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) осылайша қорқытамын дейді. Алайда, ойы жүзеге аспайды. Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу) алған бетінен қайтпайды.

Осыдан соң император үлкен қазанды маймен толтырып астына от жағуын бұйырады. Қазандағы май бұрқылдап қайнай бастағанда император екі тұтқынды алып келіп біреуін қазанға тастауын әмір етеді. Қайнаған майға түскен мұсылман бір мезетте жоқ болады.

Император Әбу Хузафаға (родиял-лаһу ъанһу) қайта христиан дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ...

Әскерлер Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) қазанның жанын алып келеді. Сонда қайнап жатқан майға қараған Әбу Хузафаның (родиял-лаһу ъанһу) көзінен жас ағады. Мұны көрген император нөкерлеріне Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) алдына алып келуін бұйырады. Кейін: «Сен неге жыладың?»,-деп сұрағанда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу): «Құдай ақы! Менің жылағаным – жаным денемдегі шаш санындай болып, сонша рет дін жолында осы қазанға таслсам еді деген арман».

Әбу Хузафаның (родиял-лаһу ъанһу) батылдығына таң қалған император: «Мені маңдайымнан сүйесің бе? Сонда сені азат етемін»,-дейді. Сонда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу): «Мені және барлық тұтқынды»,-деп шарт қояды. Император келісімін береді...

Тұтқыннан азат етілген мұсылмандар Мадинаға келгенде халифа Омар (родиял-лаһу ғанһу): «Әрбір мұсылман Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүюге тиіс. Соның біріншісі өзім боламын»,-деп Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйеді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға