Тәубенің өзі пайда бермейтін күнә бар! Жауабы...

Тәубенің өзі пайда бермейтін күнә бар! Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Дүниеде кешірілмейтін күнә бар. Ол – Алла Тағалаға серік қосу. Пенде тәубесіне келіп осы күнәсінан қайтпаса мәңгі тозақы болары сөзсіз.

Негізі пенде тәубесіне келсе оның кешірілмес күнәсі жоқ. Дегенмен, бір күнә бар, оның кешірілуіне құр тәубе ету жеткіліксіз. Ол қандай күнә?

Жауап: ол – біреудің ақысын жеу.

Алла Тағала өзіне қатысты күнәні кешіруі мүмкін. Мысалы, намаз бен ораза – пенденің Хақ Тағаланың алдындағы міндеті. Егер намазда немесе оразада бір кемшілік кетсе, Жаратушы Ие оны өз кеңшілігімен кешіруі мүмкін. Ал пенде біреудің ақысын жесе, оны сол ақы иесі кешірмесе болмайды. Мысалы, бір саудагер сатып алушының ақысын салмақтан не болмаса ақшадан жейді. Қиянатшыл саудагер сол жегенін осы дүниеде қайтарып бермесе, есеп-қисап Ақыретке қалады. Ал Қияметтегі есеп сауаппен жүргіліледі. Яғни, мазлұмға (зұлымдыққа ұшырағанға) қиянаттың мөлшеріне сай залымның сауабы беріледі. Егер сауабы болмаса залымға қиянаттың мөлшеріне сай мазлұмның күнәсі артылады. Дегенмен, мазлұм қаласа залымды кешірсе де болады. Бұл жағдайда әділдігі шексіз Хақ Тағала залымды кешіру құқығын мазлұмның қалауына береді. 

Тіл тигізу, ғайбаттау, ақысын (ақшасын, дүниесін) жеу, жасанды қиыншылық жасау, кемсіту, өзінен төмен есептеу т.с.с. – осының бәрі біреудің ақысын жегенге жатады.

Қосымша мәлімет:

http://www.nurotau.kz/index.php/ma-alalar/item/2419-банкрот-пенде

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға