Ең қымбат әрі ардақты сусын. Жауабы...

Ең қымбат әрі ардақты сусын. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Жәннатылардың ішетін ең қымбат әрі ардақты сусыны ол...?

Жауап: жәннаттағылардың ішетін ең қымбат әрі ардақты сусыны ол – тасним.

«Тасним» сөзі Құранда бір ғана орында келген – «Мутаффифин», 27 аят.

Тасним – жәннаттың жоғарысынан аққан бастау.

Түп негізінде «тасним» сөзі «жоғары, биіктік» деген мағынаны білдіреді.

Тафсирлердегі «таснимнің» түсініктемесіне келер болсақ, Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу): «Ол Алла Тағаланың:

فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَّا أُخْفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاء بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

Ешкім істегенінің сыйы ретінде не нәрсе жасырынғанын білмейді»,-дегеніне жатады»,-деп оны:

عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا الْمُقَرَّبُونَ

Ол бастаудан Алла Тағалаға жақын болғандар ішеді»,-деп тәпсірлеген». (الدر المنثور 8/452) 

Жалпы, «тасним» жәннаттың ең ардақты сусыны жайында Әл-Кәлби, Ибн Кәсир, Қатада т.б. айтқан.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға