Қияметтегі мұнафықтардың тіленіші. Жауабы...

Қияметтегі мұнафықтардың тіленіші. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Қияметте мұнафықтар мүминдерден не нәрсе сұрайды?

Жауап: Қияметте мұнафықтар мүминдерден нұрларымен бөлісуін сұрайды. Бұл жайында Алла Тағала «Хадид» сүресінің 13-ші аятыда былай деген:

يَوْمَ يَقُولُ الْمُنَافِقُونَ وَالْمُنَافِقَاتُ لِلَّذِينَ آمَنُوا انظُرُونَا نَقْتَبِسْ مِن نُّورِكُمْ قِيلَ ارْجِعُوا وَرَاءكُمْ فَالْتَمِسُوا نُورًا فَضُرِبَ بَيْنَهُم بِسُورٍ لَّهُ بَابٌ بَاطِنُهُ فِيهِ الرَّحْمَةُ وَظَاهِرُهُ مِن قِبَلِهِ الْعَذَابُ

«Сол күні мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдер мүміндерге: «Бізге қараңдаршы! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!»,-дейді. Оларға: «Кері қайтып, нұр сол жақтан іздеңдер!»,-делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуал орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағында азап бар».

Қияметте адамдарды қара түнек басады. Сол сәтте адам өз алақанын көре алмай қалады. Осы сәтте Алла Тағала мүминдерге ізгі амалдарының дәрежесіне сай нұр сыйлайды. Сол кезде мұнафықтар: «Бізге қараңдаршы! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!»,-дейді.

Қияметте Хақ Тағала әркімнен: «Кімге құлшылық еттің?»,-деп сұралады. Әрине, бәрі де: «Уа, Тәңірім! Саған»,-деп жауап береді. Алайда, кәпірлер мен мұнафықтарға олар табынған тәңірлері көрсетіледі де: «Енді барыңдар да қажеттеріңді солардан тілеңдер»,-делінеді. (Суютый тафсирі)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға