Қияметтегі тәртіп. Жауабы...

Қияметтегі тәртіп. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Қиямет күні түрлі оқиға болады: қайта тірілу, сырат көпірінен өту, есеп-қисап т.с.с. Бас-аяғы онға жуық оқиға. Ол қандай оқиғалар және олардың тәртібі қандай?

Жауап: ғалымдар Қияметтегі оқиғалардың тәртібін өзара біршама өзгеше сипаттағанымен, негізі төмендегіше:

1. Алдымен сұр үрленеді. Сұрдың үрленгені – Қияметтің басталғаны;

2. Адамдар қабірлерінен тұрып, махшарға жиналады;

3. Адамдар сұрақ-жауаптың басталуын 50 мың жыл күтеді;

4. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатынан соң есеп-қисап басталады;

5. Амалдар таразыға салынады;

6. Есеп-қисап біткеннен соң мүминдер Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) хауызына қарай бет алады;

7. Сырат көпірінен өту;

8. Жәннатылар – жәннатқа кіргізіліп, тозақылар – тозаққа тасталады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға