Әйелінен қашатын... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!
Қияметте әйелінен қашатын пайғамбар бар. Сол кім?
Жауап: ол – Лут пайғамбар (ғаләйһис-саләм).
Лут (ғаләйһис-саләм) қауымы «Саддум» деп аталған. Бұл қауым Өлі теңіздің жағалауын мекендегені белгілі.
Лут (ғаләйһис-саләм) қауымындағы кәпірлердің арасында зинақорлық, әсіресе еркек пен еркек қосылу үрдісі болғаны мәлім. Сол кәпірлердің ішінде лут пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) әйелі де болады. Соның себебінен Лут пайғамбар (ғаләйһис-саләм) Қияметте әйелін өзіне жолатпайды. Бұл жайында «Ғанкәбут» сүресінің тафсирінде айтылған.