Аяқ астынан бұлақ атқан... Жауабы...

Аяқ астынан бұлақ атқан... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Аяқ астынан бұлақ атқан пайғамбар бар. Сол кім?

Жауап: ол – Исмаил пайғамбар (ғаләйһис-саләм).

Ибраһим бабамыздың (ғаләйһис-саләм) ұзақ уақыт бойы перзенті болмайды. Кейбір риуаяттарға қарағанда сексен жасынан дейін. Ол Алла Тағаладан: «Уа, Тәңірім! Маған бала берсең соны сен үшін құрбандық етер едім»,-деп жалбарынады».

Ибраһим бабамыздың (ғаләйһис-саләм) бірінші әйелінің есімі – Сара. Ибраһим (ғаләйһис-саләм) Хажәр анамызға үйленгеннен кейін Хақ Тағала оған Исмаилді (ғаләйһис-саләм) нәсіп етеді.

Исмаил (ғаләйһис-саләм) дүниеге келгеннен кейін Алла Тағаланың әміріне сай Ибраһим пайғамбар (ғаләйһис-саләм) оны мен Хажәр анамызды қазіргі Меккедегі Зәмзәмның басына апарып қалдырып кетеді. Біра ол кезде Мекке де, Зәмзәм да жоқ болатын.

Азығы біткеннен соң Хажәр анамыз Сафа мен Маруаның (екі дөңнің атауы) арасында жеті рет жүгіріп, Сафа мен Маруаның төбелеріне көтеріліп жан-жаққа қарайды. Қажылықтағы Сафа мен Маруаның арасындағы сағи (жүгіру) осыдан қалған.

Хажәр анамыздың іздегені – адам. Бірақ айналада тірі жан жоқ. Құндақтаулы Исмаил (ғаләйһис-саләм) болса қарыны ашып шырылдап жылап жатыр.

Бір кезде Хажәр анамыз Сафа мен Маруаның арасында жеті рет жүгіргеннен кейін Исмаилдің (ғаләйһис-саләм) жылаған дауысы шықпай қалады. «Оған не болды екен?»,-деген Хажәр анамыз барып қараса Исмаилдің (ғаләйһис-саләм) аяқ астынан сылдырлап бұлақ суы ағып жатыр. Қарыны ашқан исмаил (ғаләйһис-саләм) тамақ сұрап жылап аяғын сермігенде, Хақ Тағаланың құдіретімен аяғы иген жерден Зәмзәм бұлағы пайда болады.

Зәмзәм тарихы осылай басталған болатын.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға