Кәпірлердің көсемі. Жауабы...

Кәпірлердің көсемі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде меккелік кәпірлердің көсемі кім еді?

Жауап: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде меккелік кәпірлердің көсемі Әбу Жәһл болатын.

Әбу Жәһл – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) туысы әрі мұсылмандардың ең қатты дұшпаны. Толық есімі – Ғамр ибн Һишам ибн Әл-Муғира Әл-Махзуми.

Негізі Әбу Жәһлдің ілгерідегі лақабы «Әбулхакам» болатын. Бір қарт әйелді мұсылмандықты қабылдағаны үшін қатыгездікпен өлтіргеннен Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны Әбу Жәһл (надандықтың әкесі) деп атады.

Әбу Жәһл Бәдр ғазауатында өлді. Сол шайқаста оның басын Абдулла ибн Масғуд (родиял-лаһу ғанһу) шауып алған болатын.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға