Үш рет һижрат еткен. Жауабы...

Үш рет һижрат еткен. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ислам тарихында екі һижрат болғаны мәлім. Соған қарамастан үш рет һижрат еткен сахаба болған. Сол сахаба кім?

Жауап: ол – Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу).

Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу) екі рет Хабашстанға (Эфиопия), бір рет Мадинаға һижрат еткен болатын.

Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу) көркеммінезді, тілі шешен болатын.

О баста Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны Мадинаға сондағы мұсылмандарды дінге үйрету үшін жұмсаған болатын. Ол кезде мадиналық мұсылмандардың саны 12 болатын.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға