Пайғамбар серігі. Жауабы...

Пайғамбар серігі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл сұрақ Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өмірбаянын оқыған адам үшін оңай!

Сұрақ: Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Тоифке қашан және кіммен бірге барған еді?

Жауап: Пайғамбарымыздығ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Тоифке сапары пайғамбарлықтың оныншы жылында, шаууәл айында болды. Дәл сол жылы Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) екі қолдаушысы – анамыз Хадиша (родиял-лаһу ғанһа) мен Әбу Толиб қайтыс болған болатын. Сол себепті бұл жыл «Қайғы жылы» деп аталды.

Тоиф сапарындағы Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) серігіне келер болсақ, ол Зайд ибн Хариса (родиял-лаһу ғанһу) болатын.

Зайд ибн Хариса (родиял-лаһу ғанһу):

- атақты сахаба;

- әскери қолбасшы;

- Исламды әуелгілердің қатарында қабылдағандың бірі;

- Құранда есімі аталған жалғыз сахаба;

- Пайғамбарымызбен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірге бірнеше ғазауатқа қатысқан;

- Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өкіл баласы.

- һижри 8-ші жылы қайтыс болған.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға