Жындардың таңдануы. Жауабы...

Жындардың таңдануы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

«Жын» сүресінде жындар Құранды тыңдап: «Біз бір ғажап Құранды естідік»,-деген.

Жындар Құранның қай сүресін және қай аяттарын естіп осылай деген еді?

Жауап: жындар Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Құран оқығанын естігенін баян етіп Алла Тағала былай деген:

وَإِذْ صَرَفْنَا إِلَيْكَ نَفَرًا مِّنَ الْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ الْقُرْآنَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوا أَنصِتُوا فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا إِلَى قَوْمِهِم مُّنذِرِينَ

«Уа, Мұхаммед! Сол кезде саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте: «Үндемеңдер!».-десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты». («Ахқаф», 29-30 аят)

قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِّنَ الْجِنِّ فَقَالُوا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا

«Уа, Мұхаммед! Оларға: «Жындардың бір тобы Құран тыңдағаны маған уахи етілді»,-де. Сонда олар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық»,-деді». («Жын», 1 аят)

Сонымен қатар имам Муслим (рохматул-лаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

أتاني داعي الجن فذهبت معه فقرأت عليهم القرآن

«Маған жындардың өкілі келіп мен онымен бірге кетіп, кейін оларға Құран оқып бердім».

Сонда жындарға оқылған Құран сүресі мәселесіне келер болсақ, имам Әл-Баззар және т.б. риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сахабаларына «Ар-Рохман» сүресін оқығаны және:

فبأي آلاء ربكما تكذبان

-«Ендеше Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығарасыңдар?»,-деген аятты оқыған сәтте жындар: «Раббымыздың ешбір нығметін жоққа шығармаймыз. Уа, Раббымыз! Өзіңе мақтау болсын!»,-деп жауап бергені жайында айтылған.

Өзге риуаяттарда жындарға оқылған өзге сүре мен аяттар жайында айтылған. Бірақ солардың ішіндегі ең сенімдісі – осы.

Анығы Хақ Тағалаға мәлім!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға