Құранда аталған жалғыз мемлекет. Жауабы...

Құранда аталған жалғыз мемлекет. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Кеше Құранда аталған жалғыз мемлекет жайында сұраған болатынбыз. Ол қандай мемлекет және Құранда ол жайында қанша рет айтылған?

Бұл сұраққа түрлі жауап болды. Мәселен, «Рум» деген жауап болды. Алайда, Құрандағы «рум» сөзі ұлтқа қатысты, яғни «римдіктер» (ол кездегі византиялықтар).

Хадиша Атамкулова қарындасымыз «Мысыр» атап, имамдардың риуаяттар санын келтірген. Бұл жерде имамдардың «мысыр» (ел баламасы жайында айтылған болса керек.

Енді сұрақтың нақты жауабы: ол – Мысыр (Египет).

Құранда Мысыр балама ретінде емес, мәселен, ел, жер деген сияқты емес, бәлкім нақты «Мысыр» атауымен 5 рет аталған. Ол: «Бақара» сүресінің 61-ші аятында, «Юнус» сүресінің 87-ші аятында, «Юсуф» сүресінің 22-ші және 99-шы аятында және «Зухруф» сүресінің 51-ші аятында.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға