Құранда аталған лақаб есім. Жауабы...

Құранда аталған лақаб есім. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Құранда аталған жалғыз лақаб есім бар. Ол кімнің лақаб есімі және қандай сүреде аталған?

Ол – Әбу Ләһабты. Өзінің есімі: Омар ибн Абдулмутталиб.

«Әбу Ләһаб» лақабы Құранның «Мәсад» сүресінде аталған.

«Лақаб» деген не? Лақаб – адамды сипаттайтын қосымша есім. Бұл үрдіс араб ортасында кеңінен тараған. Мәселен, Әбу Абудаллаһ – Абдуллаһтың әкесі. Бұл жағдайда адам сипаттамасы айтылып тұр. Ол – әкесі, кімнің – Абдуллаһтың.

Лақабқа мысал ретінде сахабалардың лақаб есімдерін келтірсе болады. Мәселен, Омар ибн Хаттаб – Фаруқ (ақиқат пен жалғанның арасын бөлүші), Әли ибн Әби Толиб – Әбу Тураб (топырақтың әкесі т.с.с.

Жалпы араб тілінде лақабтың бірнеше түрі бар. Бірақ мұнда бізге керегі Құрандағы бір пенденің лақабы. Ол – Әбу Ләһаб.

Әбу Ләһаб – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм әкесі Абдуллаһтың туған бауыры.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм жақын туысы болғанына қарамастан Әбу Ләһаб діннің қас жауы болып, Пайғабарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм зұлымдық жасауда алдыңғы қатарда болды. Мәселен, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм өзінің пайғамбар екенін жариялағанда өзге біреу емес, дәл сол Әбу Ләһаб: «Құрып кеткір!»,-деп қарғаған еді. Соның есесіне оның өзі Алла Тағаланың қарғысына ұшырады. Нәтижеде Әбу Ләһаб жұқпалы ауруға ұшырап, жаман өліммен өлді және өлгеннен кейін денесі бірнеше күн жерленбей шіріп-сасып жатып қалды. Амалдың жоғынан балалары бір ор қазып соған әкелерінің денесін ағашпен итермелеп түсірді де, кейін көіп тастады. Әбу Ләһабтың осы дүниедегі жазасы осындай болды, қабыр мен Ақыреттегісі тағы бар.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға