Құрандағы ең ұзын сөз. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!
Құрандағы ең ұзын сөз қанша әріптен тұрады және ол қандай сүреде айтылған?
Жауабы: Құрандағы ең ұзын сөз «Хижр» сүресінің 22-ші аятындағы «فأسقيناكموه» сөзі. Мағынасы, Сержан бауырымыз айтқандай «сендерді сумен қамтамасыз еттік».
Алла Тағала «Хижр» сүресінің 22-ші аятында: «Пайдалы желдерді жіберіп аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық»,-деген.
Ал «فأسقيناكموه» сөзіне келер болсақ, бұл төрт сөзден тұратын сөз тіркесі:
1. فــ - кейін, содан соң.
2. أسقينا – сусындаттық, сумен қамтамасыз еттік.
3. كمو - сендерді.
1. ــه - онымен.
Жалпы «فأسقيناكموه» сөзі 10 рәпітен тұрады. Сонымен қатар «Һуд» сүресінде де 10 әріптен тұратын сөз бар. Ол «أنلزمكموها» сөзі.