Қағбаның ішінде түсірілген аят. Жауабы...

Қағбаның ішінде түсірілген аят. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Келесі сұрақ! Құранда бір аят бар. Ол Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм Қағбаның ішінде болған сәтте түсірілген. Ол қай аят?

Жауабы: Қағбаның ішінде «Ниса» сүресінің 58-ші аяты түсірілген:

إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤدُّواْ الأَمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ النَّاسِ أَن تَحْكُمُواْ بِالْعَدْلِ

«Негізінен Алла Тағаласендерге аманатты өз орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына үкім етсеңдер әділдікпен үкім етулеріңді бұйырады».

Мұсылмандар Меккені иеленгеннен кейін Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм Қағбаға кіруін қалайды. Қағбаның кілті Осман ибн Талхада (родиял-лаһу ғанһу болатын әрі ол сол кезде дінді қабылдамаған еді.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм оған Әлиді (родиял-лаһу ғанһу жібереді. Сонда Осман ибн Талха (родиял-лаһу ғанһу Әлиге (родиял-лаһу ғанһу былай дейді: «Мен Мухаммадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм пайғамбарлығына сенбеймін. Қағбаның кілті менің бабаларыма берілген болса, оны Мухаммадқа (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм қалай беремін?»

Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм әмірін орындауын қалаған Әли (родиял-лаһу ғанһу Қағбаның кілтін Осман ибн Талхадан (родиял-лаһу ғанһу күштеп тартып алады да Пайғабарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм жеткізеді.

Қағбаның есігін ашып Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм сахабалармен (родиял-лаһу ғанһум бірге Қағбаның ішіне кіреді де, оның ішін пұттардан тазартып екі рәкәғат намаз оқиды. Дәл сол кезде аманатқа қатысты «Ниса» сүресінің 58-ші аяты түсіріледі.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм сол сәтте Әлиге (родиял-лаһу ғанһу Қағбаның кілтін Осман ибн Талхаға (родиял-лаһу ғанһу қайтарып беруін бұйырады.

Қағбаның кілті қайта алған осман ибн Талха (родиял-лаһу ғанһу таңданып: «Уа, Әли! Мына кілті менен тартып алған едің, енді қайтарып беріп жатсың. Неге?»,-дейді. Әли (родиял-лаһу ғанһу оған аманатқа қатысты аяттың түскенін айтады. Осман ибн Талха (родиял-лаһу ғанһу қайран болып: «Діндеріңде аманатқа соншалықты көп мән берілгені мені таңдандырады»,-дейді де Әлиден (родиял-лаһу ғанһу оны Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм ертіп баруын өтінеді. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм алдына келгеннен кейін ол дінді қабылдайды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға