«Алла» сөзі әрбір аятында айтылған сүре. Жауабы...

«Алла» сөзі әрбір аятында айтылған сүре. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Келесі сұрақ! Құранда бір сүре бар, оның әрбір аятында «Алла» лебізі айтылған. Ол қандай сүре?

Жауабы: Құранның «Мужәдалә» сүресінде әрбір аятында «Алла» лебізі айтылған. «Мужәдалә» сүресінде 22 аят болса, сол аяттарда «Алла» лебізі 40 рет айтылған.

«Мужәдалә» сүресі:

- Құранның 58 сүресі.

- Аят саны – 22.

- Сүредегі сөз саны – 475.

- Сүредегі әріп саны – 1991.

- Мадинада «Мунафиқун» сүресінен кейін түсірілген.

Құранның 58-ші сүресі «Мужәдалә» (сөз тартыс деп аталудың мәнісі – онда Хаулә бинт Сағләба есімді әйел Пайғамбарымызбен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм сөз тартысқа түскені жайында баян етілген.

«Мужәдалә» сүресінің әрбір аятында «Алла» лебізі айтылудың срына келер болсақ, бұған қатысты осы кезге дейін анық-қанды жауап жоқ!

Анығы Алла Тағалаға мәлім!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға