Құранда есімі аталған сахаба. Жауабы...

Құранда есімі аталған сахаба. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ғалымдардың айтуынша сахабалар (родиял-лаһу ғанһум саны 100 мыңнан астам болған. Біреулер «124 мың болған» дейді. Бірақ бұл негізсіз. Оларды сол кезде кім санапты десің? Сондықтан да дұрысы «100 мыңнан астам» деген сөз. Таң қаларлығы, сол 100 мыңнан астам сахабаның біреуінін ғана есімі Құранда нақты аталған. Ол кім деген сахаба?

Сұрақтың жауабы: Құранда «Әхзаб» сүресінің 37-ші аятында «Зәйд» есімі аталған. Бұл сахабаның толық есімі: Зәйд ибн Хариса Әл-Кәлби (родиял-лаһу ғанһу).

Құранда Зәйдтың (родиял-лаһу ғанһу есімі аталуына Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм Зәйдтың (родиял-лаһу ғанһу әйелі Зайнаб бинт Жәхшқа (родиял-лаһу ғанһа үйленуі себеп болды. Яғни, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм өзі Зайнапты (родиял-лаһу ғанһа өзінің өкіл ұлы Зәйдқа (родиял-лаһу ғанһу некелеп берген болатын. Кейін Зәйд (родиял-лаһу ғанһу Зайнабқа (родиял-лаһу ғанһа талақ бергеннен кейін оны өзіне Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм некелеп алды. Мұның мәнісі: мушриктердің «өкіл ұлы үйленген әйелге оның өкіл ұлы үйленуіне болмайды» деген дәстүрін мансұқ етіп, ислам шариғатының үстемділігін көрсету болды.

Зәйд ибн Хариса (родиял-лаһу ғанһу балалық шағында тұтқындыққа түсіп қалады. Оны Хаким ибн Хизам (родиял-лаһу ғанһу сатып алып Хадиша анамызға (родиял-лаһу ғанһа құл ретінде сый етеді. Хаким ибн Хизам (родиял-лаһу ғанһу сатып алып Хадиша анамыздың (родиял-лаһу ғанһа туысы болатын. Кейін Хадиша анамыз (родиял-лаһу ғанһа Пайғабарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм тұрмысқа шыққанда Зәйдты (родиял-лаһу ғанһу оған сый етеді, ал Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм Зәйдты (родиял-лаһу ғанһу өзіне өкіл бала етіп алады.

Пайғабарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм пайғамбарлық түскеннен кейін Зәйд (родиял-лаһу ғанһу дінді қабылдаған екінші адам болады. Ол мұсылман болғаннан кейін зайыбы Умму Аймун да (родиял-лаһу ғанһа дінді қабылдайды.

Зәйдке (родиял-лаһу ғанһу Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм өкіл ұлы болу бағы нәсіп болады. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм оны ерекше жақсы көріп: «Зәйдты ерекше жақсы көргенім үшін мені айыптамаңдар!»,-дейтін.

Өзінің мергендігімен әйгілі болған Зәйд (родиял-лаһу ғанһу Бәдр, Ухуд, Хандақ, Худайбийа, Хайбаре, Мута т.б. ғазауаттарға қатысып, Фардат, Жәмум, Ғаис, Тараф, Хашими, Фазафиз т.б. шайқастарда қолбасшы болған сахаба. Бұл мәселеге қатысты Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа былай деген еді: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм бір әскер жіберсе оның қолбасшысы етіп Зәйдты (родиял-лаһу ғанһу тағайындайтын. Егер Зәйд (родиял-лаһу ғанһу Нәбиден (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм кейін өмір сүрсе еді оның халифасы болар еді». (Ахмад)

Зәйд (родиял-лаһу ғанһу һижри 8-ші жылы (629 ж. византиялықтарға қарсы Мута шайқасында қаза табады. Сол шайқаста Зәйд (родиял-лаһу ғанһу мұсылмандардың туын ұстап тұрып шаһид болады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға