Ислам соғысшыл дін бе? Жауабы...

Ислам соғысшыл дін бе? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Қазіргі уақытта дінімізге жала жабатындар баршылық! Өйкінішке орай солардың қатарында өзін «мұсылманмын» дегендер де баршылық?!

Сол жаланың бірі – «Ислам қант төгіске, террорға үндейді» деген сөз.

Адамдар, солардың ішінде әсіресе мұсылмандар, ойланыңдар! Егер Ислам діні лаңкестер мен қанышерлер діні болса, Құран «өлтіріңдер, тонаңдар, тартып алыңдар, басыныңдар» деген сөзге толы болар еді. Ал ақиқатында қалай? Осыған орай назарларыңызға мына сұрақты ұсынамыз! Құранда қазіргі күні көптің төбе шашын тік тұрғызған «жиһад» жайында Құранның қанша аятында айтылған?

Сұрақтың жауабы: Құранда жиһадқа қатысты жеті ғана аят бар. Ол:

1. «Анфәл», 72 аят.

2. «Анфәл», 74 аят.

3. «Тәуба», 100 аят.

4. «Тәуба», 122 аят.

5. «Хужүрат», 15 аят.

6. «Нұр», 55 аят.

7. «Сафф», 10 аят.

Бір ерекшелігі осы аяттың бірінде де басқыншылыққа шақырмаған. Осыдан соң біреулердің «Ислам соғысшыл дін» дегені қаншалықты орынды?!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға