Жалаға ұшыраған жәндік. Жауабы...

Жалаға ұшыраған жәндік. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Құранда бір қыссада жалаға ұшыраған жәндік жайында айтылған. Ол қандай жәндік?

Жауабы: Құранда бір қыссада жалаға ұшыраған жәндік жайында айтылған. Ол – қасқыр.

Айта кету керек, қасқыр жайында Құранның бір ғана сүресінде айтылған. Ол – «Юсуф» сүресі. Сонымен қатар «ذِئْبٌ» (қасқыр) сөзі «Юсуф» сүресінде үш рет айтылған: 13, 14 және 17 аяттарында.

Әкесі Юсуфты (ғаләйһис-саләм) өзгеше жақсы көреді. Мұны байқаған Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) баурларында қызғаныш пайда болады да, олар Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) көзін құртуын ойластыра бастайды. Бір күні олар әкесіне келіп аң аулауға шығатынын айтады әрі өздерімен бірге бауырлары Юсуфты (ғаләйһис-саләм) жіберуін сұрайды. Бұған қарсы болған сол кезде-ақ Юсуф (ғаләйһис-саләм) қараусыз қалып, қасқырға жем болатынынан қауіптенетінін айтады. Алайда, бауырлары әкесін  өз дегендеріне көндіріп, Юсуфты (ғаләйһис-саләм) өздерімен бірге алып кетеді. Кейін орманға барып бауырлары Юсуфты (ғаләйһис-саләм) бір құдықтың ішіне қалдырып, бір қозыны бауыздайды да оның қанын Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) көйлегіне жағады. Кейін сол көйлекті әкелеріне алып барады да: «Юсуф бауырымызды қасқыр жеп қойды»,-дейді.

Алайда, әкелері ұлдары өтірік айтып тұрғанын түсініп қояды. Өйткені, қан жағылған Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) көйлегі жыртылмаған еді. Мұны байқаған Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) әкесі: «Менің сүйікті ұлым Юсуфты (ғаләйһис-саләм) жеп, көйлегіне тимеген бұл қасқыр неткен мейірімді еді?!»,-дейді.

Осылайша қасқырға жала жабылған еді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға