Құранның ең ұлық аяты. Жауабы...

Құранның ең ұлық аяты. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Құранда Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны «ең ұлық аят» деп атаған аят бар. Ол қандай аят?

Жауап: Құрандағы ең ұлық аят – Аятүл-Курси, «Бақара» сүресінің 255-ші аяты.

Имам Муслим риуаят еткен хадисте Убай ибн Кәғб (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) менен: «Уа, Әбул-Мунзир! Сен бiлетiн аяттың қайсысы ең қасиеттi екенiн бiлесiң бе?»,-деп сұрады. Мен: «Оны Алла Тағала және Оның Елшiсi (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бiледi»,-деп жауап бердiм. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) екiншi рет: «Уа, Әбул-Мунзир! Сен бiлетiн аяттың қайсысы ең қасиеттi екенiн бiлесiң бе?»,-деп сұрағанда мен: اللهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ (яғни, Аятул Курси ме)?»,-деп жауап бердiм. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) кеудемнен қағып: «Уа, Әбул-Мунзир! Бiлiмiң сенi бақытқа жетелесiн»,-дедi».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға