Жеміс атауымен басталған сүре. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!
Құранда екі жеміс атауымен басталатын бір сүре бар. Ол қай сүре?
Жауабы: Құрандағы екі жеміс атауымен басталатын бір сүре – «Тин» сүресі.
«Тин» сүресі Меккеде түсірілген. Аят саны – 8.
Жоғарыда айтқанымыздай «Тин» сүресі інжір және зайтун атауымен, дәлірек айтар болсақ Алла Тағала осы екі жеміспен ант етумен басталған. («Тин», 1 аят) Сонымен қатар «Тин» сүресінің екінші және үшінші аятында Хақ Тағала Мұса пайғамбарға (ғаләйһис-саләм) Тауратты түсірген орын – Тур тауы және Меккемен ант еткен.
Дәл осы сүреде Жаратушы Ие дүниедегі ең сұлу әрі кемел жаратылысы жайында айтқан. Ол – адам баласы!