Оразаның үш бөлігі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Хадисте рамазанның үш бөлігі жайында айтылған. Олар қалай аталады?

Жауап: Имам Ибн Хузайма және Имам Әл-Байһақи Салманнан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

وَهُوَ شَهْرٌ أَوَّلُهُ رَحْمَةٌ وَأَوْسَطُهُ مَغْفِرَةٌ وَآخِرُهُ عِتْقٌ مِنَ النَّارِ

«Бұл айдың бірінші бөлігі – Хақ Тағаланың рахметі, екінші бөлігі – кешірімі, үшінші бөлігі – тозақтан азат болу».

Хақ Тағаланың рахметі – яғни, Рамазанның бірінші бөлігінде Аллаһ Тағаланың нығметтері молая түседі. Хақ Тағаланың бұл рахметі барша мұсылманға нәсіп болады. Ал ол үшін шүкіршілік еткен пенделер үшін рахмет молая түседі. Бұл мәселеге қатысты Аллаһ Тағала: «Егер шүкіршілік етсеңдер, бергеннің үстіне бере түсемін»,-деген. («Ибраһим» сүресі, 7 аят)

екінші бөлігі – кешірімі – Рамазанның бір бөлігі өткеннен кейін оның сыйы мен құрметі кешірімнен басталады. Ал оразаның үшінші бөлігі тозақ отынан азат ету болып табылады. 

тозақтан азат болу – көп хадисте Рамазанның соңындағы тозақ отынан азат етілудің сүйіншісі жайында айтылған. Жоғарыда айтылғаннан Рамазан үш бөлімнен тұратыны анықталған болатын. Қаламгердің ойынша бұл үш бөлім рахмет, кешірім және тозақ отынан азат етілу болып бөлінуі адамдар үш топқа бөлінуіне байланысты. Бірінші топқа күнәсі болмаған адамдар жатады. Бұларға Рамазанның бірінші күнінен бастап рахмет пен нығметтің нөсері нәсіп болады. Екінші топқа біршама күнәсі болғандар жатады. Оразаның бірнеше күнінен кейін, соның сыйы ретінде оларға оразаның берекеті мен күнәлардың кешірімі нәсіп болады. Үшінші топқа күнәлары көп болғандар жатады. Бұлар оразаның басым бөлігі өткеннен кейін тозақ отынан азат етіледі. Рамазанның бірінші күнінен Хақ Тағаланың рахметіне қол жеткізіп, күнәлары кешірілгендер мол игілікке ие болады.

Толығырақ ...

Оразадағы ерлі-зайыптылардың қатынасы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Оразаның түнінде, яғни күн батып ауызды ашқаннан кейін ерлі-зайыптылардың қосылуына бола ма?

Жауап: Рамазан айында күн батып ауызды ашқаннан кейін ерлі-зайыптылардың қосылуына болады.

Әуеліде Рамазан оразасы парыз болғанда ауыз ашқаннан кейін түннің бір мезгілінде ұйықтаған жағдайда ерлі-зайыптылардың қосылуына және астануына, яғни сәресі ішуіне тыйым салынған болатын. Бұл жағдай мұсылмандарға біршама ауыр соқты. Сонда Алла Тағала оларға жеңілдік етіп мына аятты түсірген болатын:

أُحِلَّ لَكُمْ لَيْلَةَ الصِّيَامِ الرَّفَثُ إِلَى نِسَائِكُمْ هُنَّ لِبَاسٌ لَكُمْ وَأَنْتُمْ لِبَاسٌ لَهُنَّ عَلِمَ اللَّهُ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَخْتَانُونَ أَنْفُسَكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ وَعَفَا عَنْكُمْ فَالآنَ بَاشِرُوهُنَّ وَابْتَغُوا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَكُمْ وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الأَسْوَدِ مِنَ الْفَجْرِ ثُمَّ أَتِمُّوا الصِّيَامَ إِلَى اللَّيْلِ 

«Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. Өйткені бір-біріңді қорғауда олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңды біледі. Сондықтан тәубелеріңді қабыл етіп сендерді кешірді. Енді бұдан былай оларға жақындасыңдар. Алланың өздеріңе жазғанын талап етіңдер және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орындаңдар». («Бақара», 187 аят. Сағди және Қуртуби тафсирлері)

Толығырақ ...

Оразада түкірік жұтса бола ма? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ораза ұстаған адам түкірік жұтса бола ма? 

Жауап: Ораза ұстаған адам түкірік жұтса болады. Бұл оразаны бұзбайды. Мұның мәнісі: оразаны денеге сырттан кірген, мысалы су, нан сияқты нәрсе бұзады. Оған қоса түкірік – табиғи сұйықтық.

Толығырақ ...

Ғидданың мәнісі неде? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Жоғарыда күйеуінен ажырасқан және жесір қалған әйелдің ғидда мерзімдерін анықтадық.

Келесі сұрақ: ғидданың мәнісі неде?

Жауап: Ислам ғидда мерзімі өтпестен әйелге тұрмыс құруына рұқсат етпейді. Мұның мәнісі:

1. Әйелдің екі қабат болуын анықтау;

2. Отбасы мәселесінің маңыздылығын арттыру;

3. Ажырасуды ниеттенгендер райынан қайтып қайта жарасып кету;

4. Ерлі-зайыптыларға негізгі төрт нәрсе міндеттеледі:

- Ердің әйеліне қатысты міндетін атқару. Мәселен, ажырасқан жағдайда ғидда мерзімінде әйел жүкті екені анықталса еркек өз баласын тіршілікке қажетті нәрсемен қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, азық, киім-кешек т.с.с.;

- Әйелдің еріне қатысты міндетін атқару. Яғни, ғидда мерзімі әйел кімнен жүкті болғаны анықталады;

- Ата-ананың перзентіне қатысты міндетін атқару. Мысалы, болашақта ешкім балаға: «Сен ойнастықтан туғансың»,-дегшен сөз айта алмауы керек;

- Алла Тағалаға қатысты міндетін атқару. Яғни, ғидда мерзімін күткен әйел Алла Тағаланың әміріне немқұралы қараған болмайды.

5. Пәк әйел – болашақ ізгі ұрпақтың негізі. Ал әйел жатырында екі ердің ұрығы араласпауы керек. Өйткені, бұл жағдай нәсілдің бұзылуына алып келеді. Ғидда мерзімі күтпеудің нәтижесі осыған алып келеді.

Ескерту! 

Біреулер: «14 ғасыр бұрын шариғат ғидданы міндеттесе ол кезде қазіргі замандағы аппараттар болмады. Бүгінгі күні әйелдің жүкті болғанын кез келген уақытта УЗИ-мен білсе болады»,-дейді. Солай болса мейлі ғой... Алайда, заманауи ғылым әйрбір еркектің ұрығында тек өзіне тән тектік шифры болады. Ұрық әйелдің ішіне түскеннен кейін жатырға жабысады. Сол еркектің тектік шифры бар ұрықтан тек ермен қосылудан тыйылғаннан кейін тазару мүмкін. Яғни, әйел ермен қосылған сайын жатырға еркектің жаңа тектік шифры түсе береді. Сонымен қатар еркектің тектік шифры етеккір қанымен бірге шығады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ әйел жатыры еркектің тектік шифрынан үш етеккір мерзімінсіз толық тазара алмайды.

Толығырақ ...

Ажырасқан әйелдің жесір әйелден айырмашылығы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Шариғатта «ғидда» деген нәрсе бар.

Ғидда – күйеуінен ажырасқан немесе жесір қалған әйелдің күйеуге шықпастан күту мерзімі.

Сұрақ: күйеуінен ажырасқан немесе жесір қалған әйелдің ғидда мерзімдері қандай? 

Жауап: күйеуінен ажырасқан әйелдің ғидда мерзімі – 3 етеккір мерзімі. Жесір қалған әйелдің ғидда мерзімі – 4 ай 10 күн.

Толығырақ ...

Мадинаның бірінші имамы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заманында Мадинада намазда имамдылыққа өткен сахаба кім?

Жауап: ол – Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу).

Пайғамбарлықтың он екінші жылы қажылық маусымында Ясрибтен Меккеге келген он екі адам мұсылман болады: оны Хазрәж, ал екеуі Аус тайпасынан. Олар Пайғамбарымызбен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дінде табанды болуға серттеседі де, Ислам тарихындағы бұл оқиға «байға әл-ғуқда әл-улә» (бірінші серттесу) деп аталады.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) олармен бірге Ясрибке Мусғаб ибн Ғумайрды (родиял-лаһу ғанһу) жіберді. Мусғабтың (родиял-лаһу ъанһу) міндеті ясрибтіктерді дінге үйрету болатын. Сол кезде Мусғаб (родиял-лаһу ғанһу) Мадинада намазда имамдылыққа өткен бірінші мұсылман болады. 

Келесі жылы (пайғамбарлықтың он үшінші жылы) Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу) Ясрибтен өзімен бірге жетпіс үш адамды ертіп келеді. Олардың екеуі әйел болатын. Соның бәрі де дінді қабылдап Пайғамбарымызбен (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) серттеседі. Бұл оқиға «байға әл-ғуқда әс-сәния» (екінші серттесу) деп аталады.

Толығырақ ...