Оразаны ұстаған алғашқы адам. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Адамзат тарихындағы бірінші болып ауыз бекіткен адам кім?

Жауабы: ғалымдар бұл мәселеге қатысты түрлі көзқараста. Мәселен, имам Суютый (рохматуллаһи ғаләйһи) өзінің «Әл-Уасаил илә мағрифатил-ауаил» еңбегінде бірінші болып ораза Адам (ғаләйһис-саләм) ұстағаны жайында айтқан. Ол ай сайын үш күн ораза ұстайтын. Дәл осы Ибн Ғасакир (родиял-лаһу ғанһу) Абдуллаһ ибн масғудтан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен.

Сонымен қатар Ибн Әби Хатимнің (родиял-лаһу ғанһу) риуаятында Ад-Даххак (родиял-лаһу ғанһу) бірінші болып ауыз бекіткен Нух пайғамбар (ғаләйһис-саләм) болғаны жайында айтылған.

Көріп тұрғанымыздай бұл мәселе ихтиләфи, яғни ғалымдар түрлі көзқараста болған мәселе.

Ал Ислам дінінде ауыз бекіткен бірінші адам – пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм). Бұл мәселе күмәнсіз!

Басында Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оразасы парыз болмайтын. Соған қарамастан оған еріп сахабалар да (родиял-лаһу ғанһум) ауыз бекітетін. Тек һижри екінші жылдан бастап мұсылмандар жаппай Рамазан айының парыз оразасын ұстай бастады. 

Анығы Алла Тағалаға мәлім!

Толығырақ ...

Жер бетіндегі алғашқы құлшылық орны. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Жер бетіндегі әрі адамзат тарихындағы бірінші құлшылық орны қай жерде болды?

Жауабы: ол – қасиеттегі Меккедегі Әл-Харам мешіті.

Алла Тағала Құранда бұл жайында:

إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِّلْعَالَمِينَ

«Негізінен адамзат үшін құрылған алғашқы құлшылық орны Меккедегі құлшылық орны. Ол орын – бүкіл әлем үшін берекелі және тура жол (яғни, қыбла)»,-десе, имам Насаи (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Әбу Зарр (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жер бетіндегі алғашқы мешіт жайында сұрағаны жайында айтылған. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әл-Харам мешіті»,-деп жауап берген. 

Құранда және хадисте айтылғанға сүйенер болсақ, жер бетіндегі алғашқы құлшылық орыны мұсылмандардың қыблас болған Меккедегі Қағба болып тұр. Ал оны алғашында кім тұрғызғаны жайында ортақ бір жауап жоқ. «Періштелер» деген хабар бар. Алайда, мұның нақты дәлелі жоқ.

Толығырақ ...

Қағбаны бірінші болып тауаф еткен... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бүгінгі сұрақ: Қағбаны тұрғызған және оны ең алғашқы болып тауаф еткен кім?

Жауабы: Қағбаны бірінші болып кім тауаф еткені жайында кейбір дағиф (әлсіз) хадистер мен саләфтардан жеткен бағзы хабарларда айтылғаны болмаса, Құран мен сахих хадистерде айтылмаған. Сондықтан да ғалымдар бұл мәселеге қатысты түрлі көзқараста болған. Мәселен, бұл жайында имам Бадруддин Әл-Ғайнидің (рохматуллаһи ғаләйһи) «عمدة القاري شرح صحيح البخاري» атты еңбегінде айтылған. Сонда: «Қағбаны бірінші болып періштелер тауаф етті»,-деген пікір бар. 

Анығы Алла Тағалаға мәлім!

Толығырақ ...

Төрт ташәһһуд оқылатын намаз. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Әдетте, екі рәкәғаттан тұратын намазда ташәһһуд (әт-тахият) бір рет, ал үш немесе төрт рәкәғаттан тұратын намазда ташәһһуд екі рет оқылады. Алайда, бір намаз бар, ол намазда ташәһһуд төрт рет оқылады. Ол қандай намаз?

Бұл сұраққа Темір Қолжан бауырымыз жауап бере алды.

Алла Тағала разы болсын Темір бауырымыздан!

Жауабы: ол – ақшам намазы.

Қалайша?

Жамағат намазына имамның тәкбирінен кейін қосылған адамды шариғатта «мудрик» (кешігіп келіп қосылушы) деп айтады. Мудрик жамағатқа екінші, үшінші не болмаса төртінші рәкәғатта қосылуы мүмкін.

Жамағат намазында имам екінші рәкәғаттан соң ташәһһуд отырған кезде намазға қосылған мудрик тәкбир айтып құлақ қағып жамағатқа қосылады. Кейін отырып ташәһһудты оқиды. Бұл – оның бірінші ташәһһуды.

Ескерту: имамның рукуғ еткеніне жетпеу себебінен бұл қосылғаны мудрик үшін намаздың бір рәкәғаты болып есептелмейді.

Кейін имамға еріп қиямға тұрады. Бұл жамағаттың үшінші рәкәғаты болса, мудриктің бірінші рәкәғаты болып есептеледі.

Имам үшінші рәкәғаттың рукуғы мен сәждесін барып, кейін ақшам намазының екінші ташәһһудын оқиды. Мудрик те ташәһһудты оқып, имамның сәлем беруін күтеді. Бұл – оның екінші ташәһһуды.

Ескерту: бұл жағдайда мудрик тек ташәһһудты оқып, салауатты оқымайды әрі имамға еріп сәлем брмейді. Себебі, сәлем берсе намаздан шыққан болып намазын қайта оқуы тиіс!

Имам сәлем бергеннен кейін мудрик тұрып екінші рәкәғатын оқып, кейін отырып ташәһһудты оқиды. Бұл – оның үшінші ташәһһуды. 

Осыдан соң қайта тұрып үшінші рәкәғатын оқып, кейін соңғы отырысына отырып ташәһһуд оқиды. Бұл – оның төртінші ташәһһуды болып есептеледі.

Толығырақ ...

Құрбан айттың мәнісі

Өз-өзіңді шыңда!

Құдай қаласа, Құрбандық айты да келіп қалды. Діни әдет бойынша барша мұсылман бір-бірін: «Айт құтты болсын!»-деп құттықтап жатады.

Айтпен (мейраммен) құттықтау – бір мәселе. Ал айттың мәнісін біліп құттықтау – ол да бір мәселе.

Сұрақ: сонда айттың, яғни Құрбан айтта қуануымыздың мәнісі неде?

Осы сұраққа жауап беріп, Құрбан айтта қуануымыздың мәнісін түсіндіріп берген адамға сыйлық бар! 

Ескерту: сұрақтың жауабы қыркүйектің 11-ші жұлдызына дейін қабылданады.

Толығырақ ...

Бауыздалмастан желінетін жәндік. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Шариғат бойынша мұсылмандар азық ететін жәндікті «бисмилләһпен» бауыздап жеуі тиіс. Дегенмен, бір жәндік бар, оны «бисмилләһ» деп бауыздау шарт емес әрі бауыздалмастан жан тапсырсада жеуге жарайды. Ол қанда жәндік?

Жауабы: ол – балық.

Бұл жайында Алла Тағала «Мәида» сүресінің 96-шы аятында:

أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعًا لَكُمْ

«Сендерге теңіз аңы және оны жеу адал етілді»,-деген.

Яғни, ұсталған балық адал болу үшін оны «бисмилләһ» деп бауыздаудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, шегірткені де бауыздамастан жеуге болады. Бұл мәселеге қатысты имам Ибн Мажәһ (рохматуллаһи ғаләйһи) Абдуллаһ ибн Омардан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

أُحِلَّتْ لَنَا مَيْتَتَانِ: الْحُوتُ وَالْجَرَادُ

 

«Бізге өліп қалған екі жәндік адал етілді – балық және шегіртке»,-деген.

Толығырақ ...